Жәкішев ШМББ бойынша бостандыққа шығады

Семей. 3 наурыз. ҚазТАГ – Семей соты «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ бұрынғы басшысы Мұхтар Жәкішевтің шартты түрде мерзімінен бұрын босату (ШМББ) туралы өтінішін қанағаттандырды, ол бостандыққа шағады, деп хабарлады ҚазТАГ.
«Шығыс Қазақстан облысы Семейдің №2 соты 3 наурыздағы қаулысымен (...), бейнеконференцбайланысты қолдана отырып, сот ғимаратында ашық түрде сотталушы Жәкішев Мұхтар Еркінұлының шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралу материал қаралды, (…) ҚР ҚК 74 бабының 2 бөлімін, 72 бабының, ҚР ҚАК 169 бабының, ҚР ҚПК 476 бабы мен 478 баптарының талаптарын басшылыққа ала отырып, сот қаулы етті: сотталушы Жәкішев Мұхтар Еркінұлының жазадан ШМББ туралы өтініші қанағаттандырылсын», - деді судья сейсенбіде.
Сонымен қатар тараптар сот отырысының хаттама материалдарымен, аудио-видеофиксация материалдарымен танысып, оған ескертулер енгізе алады. Сот отырысы жабық деп жарияланды», - деді сейсенбі күні қаулыны оқыған №2 қалалық сотының төрағасы Жанат Әбенова.
Сот отырысынан кейін БАҚ өкілдері үшін брифинг өтті, ол жерде судья сот қаулысын түсіндірді.
«Жәкішевке қатысты сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ. (Ол – ҚазТАГ) қаулы жария етілгеннен кейін 15 күннен кейін, сондай-ақ сотталушы Жәкішев қаулының көшірмесін алғаннан кейін 15 күн өткесін ғана заңды күшіне енеді. Егер жеке арыз, өтініш берілмесе, онда қаулы заңды күшіне енеді, және содан кейін ғана ол бостандыққа шығарылады. Қаулы заңды күшіне енгенге дейін сотталушы түрмеде болады. Сонымен қатар, атап өтерлігі, сотталушының денсаулығын ескере келе сот оны шартты түрде мерзімінен бұрын босатып жатыр. Ол үш жыл екі ай 17 күн бұрын шығарылғалы отыр, оған пробациялық бақылау жасалады. (…) Талаптарды бұзған жағдайда (…) яғни, оған жүктелген міндеттемелерді бұзса, ол қайта қамауға алынады», - деді Әбенова.
Еске салсақ, 2010 жылдың 12 наурызында сот Жәкішевті сыбайлас жемқорлық қылмысы бойынша кінәлі деп тапты және 14 жылға бас бостандығынан айырып, ол жазасын қатаң режимдегі абақтыда өтеп жатқан болатын. «Қазатомөнеркәсіп экс-басшысы Шығыс Қазақстан облысында жазасын өтеп жатқан еді. Сол кезең ішінде оның денсаулығы біраз нашарлаған.
2020 жылдың 13 ақпанында ҚазТАГ ХАА «Ар.Рух.Хақ» қоғамдық қорының президенті Бақытжан Төреғожинге сілтеме жасай отырып, Жәкішевте екі көзінде де шел анықталғанын хабарлады, ол тағы да шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы арызданған. Адвокат Нұрлан Бейсекеев Жәкішевтің үшінші рет ШМББ туралы арыз беріп отырғанын атап өтті, соңғысын 10 ақпанда Семей қаласының соты қабылдаған.
29 ақпанда ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жәкішевтің ШМББ туралы арызы әділ қаралатынына сенім білдірді.
Бірқатар жетекші халықаралық құқыққорғаушы ұйымдар, сондай-ақ бірқатар батыс елдердің мемлекеттік органдары да Жәкішевті саяси сотталушы деп санайды.

adimage