Жұма күні Астанада және Қазақстанның 3 өңірінде дауыл мен найзағайлы нөсер күтілуде

Астана. 26 сәуір. ҚазТАГ - Жұма күні Астанада және Қазақстанның 3 аймағында дауыл мен найзағай нөсер күтілуде, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі.
Бейсенбі күні таратылған хабарда айтылғанджай, 27 сәуірде Ақмола облысында оңтүстік, оңтүстік-батыстан жел соғады, күші түнде кей жерлерінде 15-20 м/с, күндіз басым бөлігінде 15-20, кей жерлерінде екпіні 25 м/с күшейеді. Күндіз кей жерлерде найзағай болжанады.
Астана қ: 27 сәуірде таңертен және күндіз оңтүстік, оңтүстік-батыстан жел соғады күші 15-20 м/с. Дабылды ескертудің ықтималдылығы 90-95 %
27-ші сәуірде тәулік бойы Қостанай облысының жел: түнде кей жерлерде, күндіз аймақтың басым бөлігінде 15-20, екпіні 25 м/с; кей жерлерінде найзағай, тұман күтіледі
Күндіз 27 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысы бойынша оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20, кей жерлерде екпіні 25 м/с күтіледі.
Петропавл қ: күндіз 27 сәуірде оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с.

adimage