Астана. 31 мамыр. ҚазТАГ – Жұма мен сенбі күндері Астана мен Қазақстанның үш облысында бұршақ және дауылды жел күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«1 маусымда Ақмола облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, күші түнде кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз басым бөлікте 15-20, екпіні 23-28 м/с. 2 маусымда оңтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз екпіні 23-28 м/с. Кей жерлерде найзағай, 2 маусымда дауыл күтіледі, бұршақ болуы мүмкін. Астана қ.: күндіз 1, тәулігіне 2 маусымда оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, 2 маусымда екпіні 23-28 м/с. 2 маусымда найзағай, күндіз дауыл күтіледі, бұршақ болуы мүмкін», - делінген бейсенбіде таратылған дауылды ескертуде.
Алдағы екі тәуліктегі дауылды ескертудің болу ықтималдығы 80-85%. Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарындағы жұма күні кешке дейін дауылдың тұруының болу ықтималдығы 90-95%.
«1-ші маусымда Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі, оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батыска ауысады 15-20 м/с.. (…)1 маусымда (2018 ж. 21 сағ. 31 мамырдан 21 сағ. 01 маусым аралығы) Солтүстік Қазақстан облысы бойынша оңтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің күші түнде көптеген жерлерде 15-20, екпіні 23-28 м/с, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі. Жаңбыр. Кей жерлерде найзағай, дауыл болады, бұршақ болуы мүмкін», - делінген хабарда.
Қатысты сілтемелер
-
Бекетаевпен және Байбекпен байланысты фирма басшысы тергеуге алынды
3 Қыркүйек 2024, 11:51 -
Тоқаев АЭС құрылысы бойынша 6 қазанда референдум өткізу туралы жарлыққа қол қойды
3 Қыркүйек 2024, 11:49 -
Жоғарғы сот Назарбаевтың байлығы туралы істі қараудан бас тартты
20 Тамыз 2024, 09:46