Астана. 28 қаңтар. ҚазТАГ – Нұргүл Жігер. Қазақстандық мультипликаторлар «Қазақ елі» атты Жәнібек және Керей хандардың балалық және жастық шағы туралы анимациялық фильм түсірді, деп мәлім етті Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің мәдениет және өнер істері жөніндегі департамент директоры Ақтоты Раймқұлова.
«Біз мультфилмнің («Қазақ елі» - ҚазТАГ) дүниежүзілік тұсау кесерін жоспарлап отырмыз. Ол үшін дайындалып, орысша және ағылшынша дубляжын жасауымыз керек. Сондай-ақ біз ол фильмді алыс шетелдерде де прокатқа шығару туралы келісеміз», - деді А. Райымбекова бейсенбі күнгі брифингте.
Мультфильмнің бас продюссері Сәбит Әбдіқұлов өз кезегінде анимациялық фильм үшін бірқатар өлеңдерді танымал қазақстандық әртістер Нұрлан Абдуллин мен Сәкен Майғазиев жазғанын айтты.
Фильмді «САҚ» киностудиясы ҚР мәдениет және спорт министрлігінің тапсырмасымен түсірді. Фильмде Керей және Жәнібек хандардың балалық және жастық шағы мен қазақ хандығын құру кезеңі туралы тарих баяндалады. Сондай-ақ келешек екі ханның ұстазы – Қарт батыр туралы баяндалады. Ұстазы келешек хандарды садақ тартуға, қылыштасуға, ат құлағында ойнайтындай шеберлікке және әскери өнердің басқа да түрлеріне үйреткен. Баяндамада Жәнібек пен Керей таққа бару жолында ұшырасып, жеңетін зұлымдық бейнесі де бар.
Мультфилмді жасағанда 3D анимация қолданылды. Кейіпкерлерді Ғабит Мүсірепов ат. мемлекеттік жас өспірімдер театрының актерлері дыбыстандырды.
Қазақстандық кинотеатрларда «Қазақ елі» филімінің ресми прокаты наурыз айына жоспарланған. Брифингте жария етілген фильм бюджеті Т375 млн болыпты.
Қатысты сілтемелер
-
Қазақстанда 1,2 мыңнан астам елді-мекен су тасқыны қаупі бар аймақта орналасқан
13 Ақпан 2025, 17:31 -
Астанада 26 бағдаршам объектісін салуға Т2,2 млрд-қа жуық жұмсамақ
13 Ақпан 2025, 17:16 -
Тоқаев «Жұмысшы мамандықтар қаласы» фестиваліне барды
13 Ақпан 2025, 16:42