Жұртшылық Матаевтың соңғы сөзіне қайтарған жауаптан гөрі соңғы сөздің өзіне сенеді – БАҚ

Күні: 15:22, 04-10-2016.

Алматы. 4 қазан. ҚазТАГ – Жұртшылық Қазақстан журналистер одағының төрағасы Сейтқазы Матаевтың соңғы сөзіне қайтарылған жауапқа емес, сол соңғы сөзге көп сенеді, деп хабарлады ортаазиялық «Диалог» ақпараттық порталы.  
«Сейтқазы Матаев өзін және оның отбасын жазаға тартуға тапсырыс  берушілерді атады, ал олар бәрін теріске шығаруға тырысты, сондықтан нәтижесінде бәрі бос сөз сияқты болып қалды. Журналистер, жұртшылық Матаевтың айтқандарына көп сенеді, себебі ол өз айтқандарын негіздеді ғой», - делінген сейсенбі күнгі жарияланымда.
Бұл ретте С. Матаевқа қарсы тек бірнеше шенеунік қана көрсетілер бергені айтылады.
«Сейтқазы Матаев Қазақстан журналистика цехының нақты көшбасшысы болып қалып отыр. Ол өзіне тағылып отырған айыпты мойындамай, ақыр соңына дейін мынадай зор қысымға қарсылық танытып келуі оның формальдық және бейформальдық мәртебесін тағы айғақтайды. Шындығын айтқанда, Матаевтар ісі бойынша өтіп отырған БАҚ қызметкерлерінің бірі де тергеу жағындағы командаға бүйрек бұрған емес. Антикоррумпциялық қызмет өз жағына тек шенеуніктерді ғана тарта алды, ал оларға ел аумағында бұрыннан-ақ ұры, тайғанақ және қырсыз атқарушылар деген таңба тағылып қойған», - деп мақалада қадап айтылады.
Басылым атап өткендей, Қазақстанда журналист кәсібі іс жүзінде тыйым салынған кәсіпке айналғандай.  
«Заңнамалық деңгейде Қазақстанда журналист мамандығына іс жүзінде тыйым салынған, ал қолданысқа енгізіліп жатқан жаңа түзетулер оны өте тыйым салынған етуді ұсынуда.  Бұл да алабажақ жалпы сандырақтың бір бөлігі, себебі билік пен басқарушы элита қоғаммен байланысқа зәру. Онсыз басқару мүмкін емес!», - делінген жарияланымда.  
Еске салсақ, соттағы өзінің «соңғы сөзінде» С.Матаев қылмыстық қудалауға тапсырыс берушілердің есімдерін атады. Аталғандардың қатарында парламент мәжілісінің спикері  Нұрлан Нығматулин де бар. С.Матаевтың айтуынша, Н.Нығматулин одан ҚазТАГ халықаралық ақпараттық агенттігін беруді бірнеше рет талап еткен. Сол кезде ғана қылмыстық іс жабылады деген.  
Еске салсақ, 3 қазанда Астана қаласының №2 Есіл аудандық сотында Сейтқазы мен Әсет Матаевтарға қатысты сот үкімі жарияланды. Сөйтіп, Қазақстан журналистер одағының басшысын мүлкін тәркілеп, 6 жылға бас бостандығынан айыру, ҚазТАГ ақпараттық агенттігінің бас директоры Әсет Матаевтың жеке мүлкі тәркіленіп, 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Одан басқа, сот ҚР ақпарат және коммуникация министрлігінің, «Қазақтелеком» АҚ мен прокуратураның азаматтық шағымдарын қанағаттандырып, сотталғандардан мемлекет пайдасына Т500 млн өндірді.
Қазақстан журналистер одағының төрағасы Сейтқазы Матаев пен ҚазТАГ халықаралық ақпараттық агенттігінің бас директоры Әсет Матаевтың ісін қарау Астанада 23 тамызда басталды. Мемлекеттік айыптаушы соттан Сейтқазы Матаевты 6 жыл 8 айға, Әсет Матаевты 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасын беруді сұрады.


Жаңалықтармен бөлісу: