Жаңа оқу жылында Астанада 3,6 мың орындық үш мектеп ашылады

Күні: 14:52, 18-08-2015.

Астана. 18 тамыз. ҚазТАГ – Астанада жаңа оқу жылының басына 3,6 мың орындық үш мектеп ашылады, деп хабарлады елорда әкімшілігінің баспасөз қызметінен.
«2015 жылдың 1 қыркүйегінде Астана қаласының Есілауданында  жаңадан 3600 орындық үш мектепашылады», - делінген Астана әкімшілігінің баспасөз қызметі таратқан хабарда.
Бұл туралы Астана қалалық Білім басқармасы хабарлады.
Бірінші оқу орны – № 77 мектеп–гимназиясыОрынбор көшесінде орналасқан. Екінші мектеп – № 79 мектеп–лицей Е-246 көшесінде.Үшінші – № 81 мектеп–гимназиясы «Astana English School для одаренных детей» – жобаланыпжатқан «Батығай» тұрғын үй кешенінің аумағында орналасады.
Барлық үш мектеп те 1200 орынға лайықталған.
Бұдан бөлек, 1 қыркүйекке қарай № 26, № 37, № 38және Хусеин бен Талал көшелерінде құрылысты аяқтау, екінші тоқсанда 1200орындық мектептің ашылуы жоспарлануда.
Ағымдағыжылдың соңына дейін 2675 орындық үш мектеп пайдалануға беріледі: Сейфуллинкөшесі бойында 1100 орындық мектеп, А. Байтұрсынов көшесінде 1200 орындықмектеп, Көктал тұрғын алабында 375 орындық коррекциялық мектеп–интернаты.


Жаңалықтармен бөлісу: