Алматы. 3 сәуір. ҚазТАГ – Жаңа түзетулер журналистерді бақылауды күшейтеді және көпсатылы цензура енгізеді, деп хабарлады «Әділ сөз» халықаралық сөз бостандығын қорғау қорынан.
«Ақыр соңында не қалады? Шенеуніктерге - барынша көп өкілеттік, журналистерге – одан сайын қатал бақылау мен қадағалау, оған қоса кейбіреулердің тұманды уәделері, азаматтарға барынша сұрыпталған, яғни көп сатылы цензурадан өткен «дұрыс ақпарат», - деп түсіндірді сәрсенбіде ақпарат мәселесі жөніндегі заңнамалық актілерге толықтырулар мен өзгерістердің жаңа жобасының тұжырымдамасын.
1 сәуірде ҚазТАГ ХАА Қазақстанда шетелдік жерсеріктік телевидениені заңсыз орнатқаны үшін әкімшілік санкция енгізу жоспарланып жатқанын хабарлаған еді. Сондай-ақ, мемлекет қатысатын қазақстандық телеарналардың хабар тарату бойынша өз бетінше шешім қабылдаудан айырылатыны белгілі болды. Түзетулер енгізушілер сонымен қатар алкоголі аз өнім жарнамасына салынған тыйымды ішінара алып тастауды ұсынуда. Бұдан басқа Қазақстанның ТВ-операторларына бос және қара экранды жарнамаға алмастыруға рұқсат берулері мүмкін екендігі де айтылды. Оған қоса, тұжырымдама БАҚ-ты екі қайтара субсидиялау деректерінің анықталуына байланысты мемлекеттік сатып алу жүйесінен әкімдіктердің мемлекеттік ақпараттық тапсырыстарын уақытша алып тастауды қарастырады. Сондай-ақ, тұжырымдама авторлары мемлекеттік ақпараттық тапсырыстың тақырыптық желісін әкімдіктермен келісу процедурасын бекітуді ұсынады. Тағы бір ұсыныс «ақпаратқа қол жетімділік» заңына түзетулар енгізу.
«Жағдайды жақсарту үшін ТШЖО-ны (тіркелмеген жерсеріктік шетелдік операторлар – ҚазТАГ) жазалауды, ал ешкім жазадан қашып кетпес үшін «жергілікті атқарушы орган құзыретін жоғарыда аталған бұзушылық деректерін анықтаумен толықтырғылары» келеді. Кешіріңіз, сонда азаматтардың ақпаратқа кедергісіз қол жетімділік құқығы қайда? Кім бізге нені және қалай көру керегін шеше отырып, Коституцияға қол сұғуға құқылы?» - деген ойға қалды «Әділ сөз» қоры.
«Ақпаратқа қол жетімділік» заңына ұсынылған түзетулерге түсінік бере келе құқыққорғаушылар мынаны атап өтті, «қорыта келе заңға бір-екі термин енгізу ұсынылуда, тағы да сол, ақпарат министрлігінің өкілеттігінің қамын ойлау керек: «уәкілетті органның құзыреттілігін заңнамалық деңгейде анықтау керек».
«Ал сол Тұжырымдамада бірнеше рет еске түсірілген ЭЫДҰ былай делінген: сұраныс бойынша ақпарат ұсыну мерзімін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік жоқ, ақпаратқа қол жетімділік құқығын әдейі немесе саналы түрде бұзғаны үшін қылмыстық жауапкершілік жоқ, ҚР «Ақпаратқа қол жетімділік» заңында ақпарат таратушыларды қорғауға бағытталған ереже жоқ, және сол олқылықтардың орнын толтыруды ұсынады», - деді қордан түзетуді әзірлеушілерге.
Еске салсақ, заң жобасының тұжырымдамасы 12 сәуірге дейін қоғамдық талқылауға шығарылған.
Қатысты сілтемелер
-
Беларусь, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстанның әскери контингенттері Қазақстанға келе бастайды
18 Қыркүйек 2024, 17:11 -
"Майкаинзолото" кенішіндегі автобус апатынан кейін шахтаның алты қызметкері қамауға алынды
18 Қыркүйек 2024, 16:47 -
Атырау облысында республикалық автожолдың 11 шақырымын орташа жөндеуге Т1,8 млрд жуық жұмсамақ
18 Қыркүйек 2024, 16:29