Жаңа жылдық «Оливьеге» атыраулықтар Т2155 жаратса, Орал тұрғындары Т1336 жаратады екен – мониторинг

Күні: 16:21, 21-12-2015.

Алматы. 21 желтоқсан. ҚазТАГ – Данияр Дәуітәлиев. Жаңа жылдық «Оливье» салатын дайындауға ең көп қаражат жарататындар Атырау тұрғынлдары, ал салатқа керек ингредиенттерге ең аз ақша жарататындар Олар қаласының тұрғындары екенін ҚазТАГ агенттігінің тілшілері жүргізген мониторингі көрсетіп тұр.
«Оливье» салатын дайындауға ҚазТАГ тілшілері келесідей тағамдарды пайдаланды: шұжық - 0,5 кг, картоп - 0,5 кг, жұмыртқа - 5 дана, сәбіз - 300 г, пияз - 100 г, майонез – 250 г, жасыл бұршақ – 200 г, тұздалған қияр - 700 г.
Сөйтіп, осындай тағам үшін Атыраулықтар ең көп қаражат жаратады екен – Т2155, ал ең арзаны Орал тұрғындары үшін – Т1336.
Астаналықтар үшін осы салат Т1455, алматылықтар –Т1490 жаратады.
Өз кезегінде Қостанайда осы салат үшін Т1725, Павлодарда – Т1654, Талдықорғанда - Т1611. Қалған аймақтарда баға Тараздағы Т1445-тен Шымкенттегі Т1584 аралығында құбылып тұрды.
Осы тағам бағасын анықтау үшін осы салатқа қажет ингредиенттердің базардағы бағалары қосылады.
«Олдивье» салатының Қазақстан қалаларындағы бағасын мына жерден көрулеріңізге болады.


Жаңалықтармен бөлісу: