Жағымсыз материалдарды жариялатпау мақсатымен бірнеше жылдан бері ҚазТАГ-қа қысым көрсетіліп келді - Матаев

Алматы. 27 қыркүйек. ҚазТАГ - Мәдина Әлімханова. Жағымсыз материалдарды жариялатпау мақсатымен бірнеше жылдан бері ҚазТАГ-қа қысым көрсетіліп келді, деп мәлім етті «ҚазТАГ» халықаралық ақпараттық агенттігінің бас директоры Әсет Матаев.
«Соңғы 2-3 жыл бойына бізге қысым көрсетіліп келді, қандай да материалдарды жарияламауымызды сұрап, Ақпарат комитетінен де телефон шалды, Қазанғап та, Байбосынов та телефон шалған. Менде Whatsаpp-тағы хат жазысуларымның барлығы да бар. Бұл цензура деп аталады, бізге үнемі қысым көрсетіліп, бізге бұл президент әкімшілігінің тапсырмасы деп те айтатын. Бірақ біз өз парызымызды орындадық», - деді Ә. Матаев сейсенбі күнгі соттағы пікірталаста.
Бұл ретте ол жарияланып отырған материалдар газтасымалдау және мұнай саласы секілді маңызды салаларын қамтыған деді.
«Атап айтқанда, біз банктер туралы, Қазақстан азаматтарын жасырын пайыздар туралы алдап жатқанда өте даулы материалдар жарияладық, қандай адамдар газ тасымалдау және мұнай тасымалдау жүйелерін алғысы келіп отырғаны туралы қоғамда дау тудырарлық материалдар жариялап тұрдық», - деді Ә. Матаев.
Ә. Матаев атап кеткендей, барлық қарастырылып отырған кезеңде мемтапсырыс бойынша жарияланымдарға тапсырма беріп отырғандар атқарылған қызметке риза болып отырған.
«Бірақ, біз мемтапсырманы толық көлемде орындап шықтық. Және қазір осыларды есту күлкілі, 6 жыл бойына барлығы қабылдады, бәрінің жақсы екендігі туралы қызметтік хат жазысып отырды, тендерлерге қатысу туралы шақырту беріп отырды, өздері құжаттарды жүргізіп отырды, енді келіп екі жемқор – Матаев Сейтқазы мен Матаев Әсет болып, олар ешнәрсені орындамаған-мыс болып отыр. Бұл өте күлкілі», - деп ол қадап айтты.
Сондай-ақ Ә. Матаев ешқандай жоғарғы білімі де жоқ сарапшының жасаған қорытындысын соттың қабыл алып отырғанын еске салды.
«Жоғарғы білімі жоқ және сертификатының мерзімі өтіп кеткен, біздің іс бойынша оперативтік-тергеу тобының тергеушісінің туысы болып келетін маманның қорытындысын қабыл алу – ол күлкілі», - деді ол.
Бұл ретте Ә. Матаев «ҚазТАГ» ХАА» ЖШС мемтапсырманы толығымен орындады деп мәлім етті.
«Мен сөзімде «ҚазТАГ» ХАА» ЖШС мемтапсырманы толығымен орындады деп дәлелдеп бердім. «ҚазТАГ» ХАА» ЖШС ақпарат саласының көшбасшысы екенін бәрі де біледі. Қазақстанда миллиардтаған теңге алып отырған, мысалы Қазақпарат сынды, БАҚ-тар бар, олар біздің материалдарымызды қайта басып отырады. ҚырТАГ, ҚазТАГ пен т.б. агенттіктердің материалдарын мемлекеттік БАҚ-тар да алып отырады. Бәрі ашық режимде болатын, біз толығымен беріп отырдық», - деді ол.

adimage