Жала жабқаны (Диффамация) үшін қатаң жаза қолдану Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелеріне қайшы келеді - Калеев Алматы

Алматы. 26 тамыз. ҚазТАГ - Мадина Әлімханова. Жала жабу (Диффамация) үшін қатаң жаза қолдану Қазақстанның халықаралық міндеттемелеріне қайшы келеді, - деді «Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау халықаралық қорының президенті Тамара Калеева.
«Мен кез-келген партияның кез-келген жиналыстарында сөйлеген сөздері Бас прокуратура мен Мәжіліс орындауы тиіс қатаң нұсқаулар емес деп үміттенемін. Бізде Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пакт бойынша міндеттемелер бар, біз ұстануға тиісті ұсыныстарымыз бар, ал БҰҰ-ға мүше ешбір елде жоқ арнайы заң шығару арқылы жазаны қатаңдату туралы ұсынысқа айтар сөз жоқ». – деді Калеева дүйсенбіде ҚазТАГ-қа.
Сонымен бірге, ол Қазақстандағы жала жабудың қылмыссыздандырылуы БҰҰ ұсыныстарында бар деп түсіндірді.
«Қазақстанның Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактінің орындалуын қадағалайтын барлық халықаралық ұйымдар - БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі комитеті, БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңесі және басқалары - барлығы әрбір есебінде де жала мен тіл тигізуді қылмыссыздандыру туралы Қазақстанға ұсыныстар жасайды», - деп түсіндірді ол.
Калееваның айтуынша, әмбебап мерзімді шолу туралы баяндамасында Қазақстан тіпті диффамацияны қылмыссыздандыру мәселесін талқылауға уәде берді.
«Қазақстан туралы соңғы есепте - әмбебап мерзімді шолуда - олар (ел билігі - ҚазТАГ) ұсыныстарға келесідей жауап берді (мен ұсыныстарды орындау жоспарын олардың айтуы бойынша келтіремін): «Диффамация мен қорлауды қылмыссыздандыруды ведомствоаралық топта 2017 жылдың соңына дейін талқыласын».  2018 жылы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінде үнемі өткізіліп тұратын адами өлшем жөніндегі диалог алаңының отырысында мен өкілден ведомствоаралық топ не ұсынған осындай отырыс болды ма деп сұрадым, - бірақ мен нақты жауап ала алмадым. Яғни, тіпті халықаралық органдардың ұсыныстарына деген жәй болса да реакция орындалмады», - деді Калеева.
Сонымен қатар, агенттіктің сұхбатшысы диффамация үшін қылмыстық жауапкершілік сөз бостандығына кедергі келтіретінін атап өтті.
«Екінші нұсқа бар - бұл бапты Қылмыстық кодексте қалдыру, бірақ жаза ретінде бас бостандығынан айыруды қарастырмау. Мұны Халықаралық пактінің 19-бабының 34-ескертуі дәлелдейді, ол ең жоғары халықаралық деңгейде де қабылданған және егер елде диффамация үшін қылмыстық жауапкершіліктен арылту мүмкіндігі болмаса, бас бостандығынан айырудан басқа жазалар қарастырылуы керек.
Диффамациялық әрекеттер үшін бас бостандығынан айыру ешқашан заңды деп танылмайды, өйткені бұл сөз бостандығы мен еркін ой білдіру бостандығына нұқсан келтіреді. Осы тақырып бойынша көптеген әзірлемелер бар, онда қылмыстық жазалау қаупі сөз бостандығына әсер етеді, оны болдырмайды, оны бәсеңдетеді », - деді ол.
Сонымен бірге, Калеева Қазақстанның Бас Прокурорының жала жабу жалпы қауп төндіреді деген айыптаулары негізсіз екенін баса айтты.
«Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есеп комитетінің хабарлауынша, 2016-2017 жылдары жала жапты деген айыппен 2 мыңға жуық адамға қатысты 1314 сот отырысы өтті.
Сот үкімдеріне сәйкес 93 адам жала жабушы деп танылды. Бұл Бас Прокурор 2013-2014 жылдары қолданыстағы Қылмыстық кодекс қабылданған кезде, тіпті 130-бабының бірінші тармағына сәйкес қылмыстық жауапкершілікті  енгізуді негіздегенде бұл қандай-да бір қауіп төндіреді деп айтуы негізсіз. Қазір бізде Интернетте ресми жарияланған Қылмыстық кодекске түзету жобасы бар.
«Жала жабу» 130-бабына енгізілуге ұсынылатын өзгерістерді мен екі жүзділік дегеннен басқа атай алмаймын. Олар осы баптың 1-бөлігімен бас бостандығынан айыруды «тұрмыстық» диффамацияға сәйкес алып тастауды ұсынады, яғни олар 2014 жылы қабылданған және 2015 жылы күшіне енген түзетуді алып тастауды ұсынады, ал бұқаралық ақпарат құралдары арқылы диффамацияға ешқандай өзгерістер қарастырылмайды», - деп атап өтті ол.
Сарапшының атап өткеніндей, жала жабуды қылмыссыздандыру мәселесі сегіз жылдан астам уақыттан бері талқыланып келеді.
«Диффамацияны қылмыссыздандырумен біз ұзақ уақыт айналысып келеміз, сондықтан мен Нұрсұлтан Назарбаевтың 2011 жылы сәуірде Вашингтон Пост (Washington Post ) газетіне берген сұхбатын жақсы есімде ұстаймын және сөзбе-сөз келтіре аламын. Ол біз жала жабуды қылмыстық емес, әкімшілік жауапкершілік дерегі ретінде қарастырамыз деп айтты.
Оның үстіне, біз болжап отырған жоқпыз, ойлап отырған жоқпыз, бірақ «қарастырып» отырмыз. Бұл сегіз жыл бұрын айтылған. Жала жабқаны үшін қатаң жаза енгізудің себебі неде екенін мен түсінбеймін», - деп толықтырды Калеева.
Еске салсақ, 21 тамызда «Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев «жала жапқаны үшін жазаны қатайту туралы заңды қабылдауға партия бастамашы болуы керек» деп айтқан болатын.

adimage