Жапония Хиросимадағы атом бомбысының құрбандарын минуттық үнсіздікпен еске алды

Күні: 10:22, 06-08-2015.

Алматы. 6 тамыз. ҚазТАГ – Жапондардың Хиросима қаласындағы атом бомбалауының құрбандарын еске алудың мемориалдық рәсімі өтті, деп хабарлады ТАСС.
Қала ортасындағы Бейбітшілік паркінде ондаған мың жергілікті қала тұрғындары мен шет ел делегацияларының өкілдері, саяси және қоғам қайраткерлері жиналды. Жергілікті уақытпен таңғы 08:15:01 сағатта – 1945 жылғы атом бомбасының жарылған сағатында  - қоңырау соғысымен өлшенген минуттық үнсіздік жарияланды. Минуттық үнсіздік алдында Хиросима мэрі Кадзуми Мацуи, Жапония премьер-министрі Синдзо Абэ, сондай-ақ қоғамдық ұйым мүшелері Бейбітшілік паркінің орталығындағы мемориалға ақ және сары гүлдерден тұратын веноктар қойды
«Біздің мемлекет ядролық соққыдан зардап шеккен жалғыз мемлекет. Сондықтан біз ядролық қарусыз бейбітшілік орнығуына қолдан келгеннің барлығын саламыз», - деді рәсімде сөйлеген сөзінде жапония премьер-министрі Синдзо Абэ.
«Мен атом бомбалауының құрбандарының, сол қасыретті бастан кешкендердің және олардың отбасыларының барлықтарының рухатына көңіл айтамын. Және мен, әлем ядролық қарудан толығымен бас тартуына қол жеткіземіз деп ант етемін», - делінген жапондық премьердің рәсім алдында таратылған мәлімдемесінде.  
Хиросима қаласының мэрі Кадзуми Мацуи халықаралық қауымдастықты ядролық қарудан толығымен бас тартуға шақырды.
«Ядролық қару бар кезде оның келесі құрбаны кім боларын еш уақытта білмейсіз. Біздің үнімізге құлақ салып, осы туралы жақсылап ойланыңздаршы», - деп ол қадап айтты.
К. Мцуи АҚШ президентін қалаға келіп және жеке өз басы сол сұмдық қасыретті бастан кешкендермен сұхбаттасуға тағы шақырды.
«Хиросимаға келіңіз, аман қалғандардың тарихын тыңдап көріңіз», - деді ол.  
Ол сондай-ақ сол бамбалаудан тек жергілікті халық емес, Корея түбегінің, Қытайдың, барша Азия өңірінің халықтары мен американ тұтқындары қырылғандарын еске салды.
Еске салсақ, 1945 жылы 6 тамызда жапондардың ӘШҚ күштері Хиросимаға АҚШ-тың шағын ғана әскери ұшақтар тобының жақындап келе жатқанын байқайды, бірақ басшылық оларға қарсы ұшақтар жібермеді. Нәтижесінде полковник  Пол Тиббетс басқарған американдық «Энола Гэй» В-29 бомбалағыш ұшағы ешқандай кедергілісіз қала орталығының үстінен ұшып бара жатып, 4 тонналық уран бомбасын тастады. Сол бомба жарылысының нәтижесінде 70 мың мен 100 мың арасындағы адам сол сәтте жан тапсырды.


Жаңалықтармен бөлісу: