Жау торғай 2016 жылғы жыл құсы деп танылды

Алматы. 15 желтоқсан. ҚазТАГ – Жау торғай (шымщық) 2016 жылғы жыл құсы деп танылды, деп хабарлады Қазақстан биоәркелкілікті сақтау қауымдастығынан (ҚБСҚ).
«Қазақстан биоәркелкілікті сақтау қауымдастығы Қазақстан құстарды қорғау одағымен бірлесіп 2016 жылғы жыл құсы ретінде жау торғайды таңдады», - делінген сейсенбі күні таратылған хабарда.
Жау торғайды жиі «қала шымшығы» деп атайды, себебі ол көбінесе елді мекендерде тұрады.
Сонымен қатар соңғы 15 жылда орнитологтар көптеген елдерде осы торғайдың азайып бара жатқанын айтуда. Бұл ретте олардың санының азаюының әр түрлі себептері аталады.
Хабарда айтылғандай, науқан мақсаты әр түрлі табыиғатты қорғау акциялары мен насихаттау арқылы халықтың назарын ерекше назарды қажет ететін құстарға аудару болып табылады.
2015 жылы жыл құсы ретінде имектұмсық таңдалған болатын.

adimage