Жеңіс күні қарсаңында мерекелік ленталар таратылады

Астана. 3 мамыр. ҚазТАГ – Жеңіс күні қарсаңында мерекелік ленталар таратылады, деп хабарлады елорданың ресми сайты. Хабрда атап көрсетілгендей, Жеңіс күні қарсаңында ел игілігі мен болашақ ұрпақтың бостандығы үшін өз өмірін қиған жандарды, соғыс жылдарын және олардың ерліктерін есте сақтап қалуға бағытталған «Жеңіс лентасы» жыл сайынғы шарасы ұйымдастырылады.
Биыл патриоттық акция аясында 6-9 мамырда сағат 10:30-дан 18:30-ға дейін қаланың бірнеше нүктесінде, соның ішінде «Бәйтерек» монументінің, «Хан Шатыр», «Mega Silk way» сауда-ойын-сауық орталықтарының маңында, қалалық алаңда және Студенттер саябағында таратылады.
Қазақстанда Жеңіс күнін мерекелеудің символын жасау мақсатында жаңа патриоттық лента жасалды. 2015 жылы Жеңіс лентасы ресми жаңартылып, жаңа дизайнда жасалды.
Жеңіс лентасы аспан көк реңді және ортасында алтын түсті ұлттық өрнек элементтері пайдаланып жасалған жібек маталы лента. Лентаның шеттерінде Отан соғысы Орденінің (дәрежесі көрсетілмеген) бейнесі орналасқан, бұл Ұлы Отан соғысында халқымыздың батырлығы мен ерлігін көрсетеді. Лента георгий лентасы бейнеленген және «9 Мамыр – Жеңіс күні. 1941-1945 жылдар» жазуы бар төсбелгіге бекітілетін болады.
6 мамыр күні сағат 12:00-де акцияның басталуына қалалық алаңда қалалық мәслихат депутаттарының, жастардың және БАҚ өкілдері қатысады.

adimage