Астана. 29 қаңтар. ҚазТАГ – Мәскеуде 2015 жылдың 9 мамыр айында өтетін Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығына арналған Жеңіс парадына қазақстандық 70 шақты ардагер қатысады, деп хабарлады ҚР үкіметінің баспасөз қызметі.
«Мәскеудегі Жеңіс Парадына 70 шақты ардагер жіберу көзделіп отыр», - деп көрсетілген ҚР үкіметінің сайтында бейсенбі жарияланған ақпарда.
Сонымен қатар, ҚР сыртқы істер вице-министрі Самат Ордабаевтың айтуынша, Ресей осының өзінде Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығына арналған Жеңіс парадына келуге Қазақстан үшін үш квота ұсынған. Алайда Қазақстан мен Ресейдің ерекше қарым-қатынастары есебінен қазіргі таңда квоталар санын ұлғайту жұмысы жүргізілуде.
«Елшілік барлық ұйымдастыру шараларын өз мойнына алады», - деп атап өтті ол.
Қатысты сілтемелер
-
Ұйғыр ауданында аурухананы күрделі жөндеуге Т5 млрд-тан астам жұмсалмақ
20 Маусым 2025, 17:30 -
СІМ Израиль мен Ираннан 150-ге жуық отандасымызды елге қайтарды
20 Маусым 2025, 16:39 -
Қазақстандықтардың емделуге жұмсайтын шығындары күрт өсті – БКБ
20 Маусым 2025, 16:30 -
Қазақстан мен Ресей АЭС құрылысы бойынша индикативті жол картасын бекітті
20 Маусым 2025, 16:16