Желтоқсанда Қазақстанда үш салқын толқын күтілуде

Астана. 4 желтоқсан. ҚазТАГ – Желтоқсанда Қазақстанда үш салқын толқын күтілуде, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Ұзақ мерзімге болжам бойынша, екінші онкүндіктің басында және соңында, сондай-ақ үшінші онкүндіктің соңында үш салқын толқындар болуы ықтимал. Арктикалық теңізден енетін суық ауа ағымдарының салдарынан еліміздің солтүстік-шығыс бөлігінде екінші онкүндікте күн суытып түнде ауа температурасы 25-35 градусқа, күндіз 15...20 аязға дейін төмендейді», - делінген дүйсенбіде таратылған хабарда.
Сонымен қатар, алдын ала болжам бойынша айдың алғашқы онкүндігінде ауа ағымдарының ықпалы болады. Оның салдарынан еліміздің барлық аймақтарында ауа райы жауын-шашынсыз болып, түнде және таңертең тұман түсуі ықтимал.
Болжам ақпарына сәйкес, ауа температурасы батыста түнде 2-12 градус суық, күндіз -2+3 градус жылы болады. Ал, солтүстік, орталық және шығыста ауа температурасы түнде 10-20 градусқа, күндіз 2-10 градусқа дейін төмендейді.
«Тек еліміздің оңтүстік бөлігіне айдың басында циклон ықпал етіп, жауын шашын болжанады. Ауа температурасы онкүндік бойы түнде 5-15 градус суық, күндіз 0-5 градус шамасында болады», - делінген хабарда.
Нәтижесінде, болжамға сәйкес, желтоқсанда орташа ауа температурасы климаттық мәнге жақын болады. Тек Маңғыстау, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарында нормадан +1 градус төмен болады деп күтілуде.
«Бір айдағы жауын-шашын мөлшері Батыс Қазақстан, Атырауда нормадан жоғары, Маңғыстау, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар облыстарында норма шамасында, сондай-ақ Шығыс Қазақстан, Алматы, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарындағы тау және тау маңы облыстарында да қалыпты норма, қалған аумағында нормадан төмен болады», - делінген болжамда.
Хабарда айтылғандай, консультативтік болжам синоптиктік жағдайлардың өзгеруіне қарай түзетілуі мүмкін.

adimage