Жемқорлықпен айыпталған ҚР экс-премьері Серік Ахметов мемлекетке келтірген шығындарын жартылай қайтарды

Қарағанды. 27 шілде. ҚазТАГ – Жемқорлықпен айыпталған ҚР экс-премьері Серік Ахметов мемлекетке келтірген шығындарын жартылай қайтарды, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«С. Ахметовтың қылмыстық жауапкершілігін жеңілдететін жағдай, оның мемлекетке келтірген шығындарын 430 млн теңге мөлшерінде жартылай қайтарып бергені болып отыр», - делінген айыптау актінде.
Бұл ретте, ол шығындарды айыптының туыстары қайтарып берді деген мәлімет бар.
Еске салсақ, 27 шілдеде С. Ахметов пен Қарағанды облысының бұрынғы жоғарғы лауазымды шенеуніктерінің қылмыстық ісі бойынша алдын ала тыңдаулар басталды. С. Ахметов $2,4 млн (T360 млн) көлемінде пара алды деп күдіктелуде. Оған сондай-ақ ҚР ҚК 311 б. 5т., 176 б. 4 т. «б» тармақшасы, 307 б. 4 т., 310 б. 3т., 307 б. 4 т., 307 б. 4 т., 310 б. 3 т. бойынша айыптаулар тағылған.
Процесс судья Исламхан Есенбаевтың төрағалығымен өтетін болады.
Бір адвокаттың жоқ болуы себепті тыңдауларға 28 шілденің 10.00 сағатқа дейін үзіліс жарияланды.

adimage