Астана. 19 тамыз. ҚазТАГ – Қазақстан Жоғарғы соты экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың байлығы туралы істі қараудан бас тартты, деп хабарлады Nege.kz.
«Қазақстандық Қайыргелді Смағұловтың арызын қарау бойынша кассациялық алқа оның Назарбаевтың мүлкі мен активтерін мемлекет пайдасына өндіріп алуға бағытталған талабын одан әрі қарауға негіз жоқ деп тапты», - делінген дүйсенбідегі хабарда.
Басылым Жоғарғы сот қаулысынан үзінді келтірген.
«Өтініштің дәлелдерін зерделей келе, судья сот актілерін қайта қарауға негіз жоқ деп есептейді», - делінген қаулыда.
Хабарда атап өтілгендей, бұл – Смағұловтың экс-президенттің мүлкін мемлекет пайдасына тәркілеуге бағыттаған үшінші арызы.
«Ол Назарбаевтың президент ретіндегі әрекеттері бүкіл адамзатқа қауіп төндіргенін алға тартады. Бұған дейін Астанадағы азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сот, кейін елордалық сот та оның талабын орындаудан бас тартқан еді», - деп жазған басылым.
Қатысты сілтемелер
-
Qarmet 2024 жылдың қорытындысы бойынша сыйақы төлейді
10 Сәуiр 2025, 11:58 -
Бір мектептен шыққан үш қазақстандық оқушы Гарвардқа грант жеңіп алды
7 Сәуiр 2025, 21:15 -
Билік пен капиталдың бір қолға шоғырлануы саяси дағдарысқа алып келді – Қошанов
19 Наурыз 2025, 18:00 -
Тоқаев қазақстандықтарды Амал күнімен құттықтады
14 Наурыз 2025, 10:04