Журналистер мен құқыққорғаушылар Сейтқазы Матаевтың ұсталуына байланысты Қазақстан президентіне жүгінді

Күні: 16:33, 23-02-2016.

Алматы. 23 ақпан. ҚазТАГ  Халықаралық қазақ ПЕН-клубының президенті Бигелді Ғабдуллин мен «Әділ сөз» халықаралық сөз бостандығын қорғау қорының президенті Тамара Калеева ҚР Журналистер одағының басшысы Сейтқазы Матаевтың ұсталуына байланысты Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа жүгінді.  
«Құрметті президент мырза! Халықаралық қазақ ПЕН-клубы мен «Әділ сөз» халықаралық сөз бостандығын қорғау қоры біздің конституциялық құқығымыздың кепілі ретінде сізге жүгініп отырмыз», - делінген Central Asia Monitor қоғамдық-саяси басылым сайтында жарияланған мәлімдеме мәтінінде.
«Кеше, 2016 жылдың 22 ақпанында біздің әріптесіміз және сіздің бұрынғы баспасөз хатшыңыз, Қазақстан журналистер одағы басқармасының төрағасы, Ұлттық баспасөз клубы мен ҚазТАГ ақпараттық агенттігінің құрылтайшысы Сейтқазы Матаевты ақша жымқырған және сыбайлас жемқорлық айыптаулары бойынша ұсталды.  Және кеше ҚазТАГ С.Матаетың мәлімдемесін жариялады. Онда Қазақстанның құрметті және қарт журналистерінің біріне қатысты бұрын болып көрмеген қысым көрсетілгені белгілі болды. Сол мәлімдемеге сәйкес қылмыстық тексеруге Алматының тарихи орталығында орналасқан Ұлттық баспасөз клубы мен ҚазТАГ кеңсесі орналасқан ғимарат себеп болып отырса керек.  Бізде Қазақстан президентінің бұрынғы баспасөз хатшысына сенбеуге негіз жоқ. Өкінішке орай, біздің құқыққорғау органдарының әрекетіне сенбеуге маңызды себептеріміз бар. Олар соңғы жылдары бұрмалаушылыққа көп жол беріп қойды, осылайша азаматтардың әділдікке, заң мен мемлекеттің өзіне деген сенімін кетірді», - делінген мәлімдемеде.
«Біз, сізден, Нұрсұлтан Әбішұлы, Сейтқазы Матаевтың төңірегінде болып жатқан жайтқа мұқият назар аударуыңызды сұраймыз. Әсіресе, бұл биліктің өз қатарын жаңарту туралы ашық мәлімдеме жасаған сәтінде, 5 институционалдық реформа жасау туралы шешімі кезінде маңызды. Осы бар күшіміз бір сәтте сызылып тасталуы мүмкін», - деп жазады қоғамшылдар.
«Сайлауалды науқаны кезінде белгілі журналистке жасалған қысым, әсіресе ол Алматы орталығындағы мүлікті иемденіп алу туралы әлдекімнің тілегімен байланысты болса  онда бұл биліктің және жалпы бүкіл елдің беделі үшін қауіпті. Біздің барлығымыздың неге тұратынымызды іс жүзінде көрсететін сәт жетті. Рейдерлік норма болып бара жатқан елде тұруға келісеміз бе, жоқ па? Қазақстандағы өмірдің басты идеясы ретіндегі арам пиғылға көнгіміз келе ме? Сіздің, құрметті президент мырза, біздің балаларымыздың болашағы да осындай болғанымен келіспейтінізіге сенімдіміз», - делінген үндеуде.


Жаңалықтармен бөлісу: