Астана. 18 желтоқсан. ҚазТАГ – Журналистер мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына жолдауында бастама болған бағдарламамен арзан бағамен жалға берілетін баспана алушлар санатына жатқызылды, деп хабарлады ҚР қаржы министрі Бақыт Сұлтанов.
«2020 жылға дейін 1,4 млн шаршы метр баспана салынады, оның ішінде 60% жалға берілетін баспана Астана, Алматы, Шымкент пен Ақтөбеде салынады», - деді Б. Сұлтанов бейсенбі күні Астана тұрғындарымен кездесуінде.
Қаржы министрінің мәліметтерінше, журналистер жалға берілетін тұрғын үйлерді алатын екінші топқа жатады.
«... баспананың 30%-ы І топ арасында (мемлекеттік қызметкерлер, бюджеттік мекеме қызметкерлері, әскери қызметкерлер, ғарышкерлікке үміткерлер, ғарышкерлер, арнайы мемлекеттік орган қызметкерлері мен мемлекеттік сайланып қойылатын мемлекеттік лауазым иелері, оралмандар, көпбалалы отбасылары, толық емес отбасылар, мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар, жетім балалар, ата-аналарының қамқорынсыз қалған балалар); 20%-ы - ІІ топ арасында (мемлекеттік заңды органдар қызметкерлері мен білім, ғылым мен медицина, мәдениет пен өнер саласындағы қоғамдық бірлестіктердің, журналистика саласындағы мемлекеттік емес мекеме қызметкерлері санатына жататын барлық азаматтар санаты) үлестіріледі», - деп түсіндірді Б. Сұлтанов.
Оның айтуынша, жаңа бағдарламамен салынатын қалған 50% пәтерлер ІІІ топ арасында үлестіріледі (кем дегенде екі жыл некедегі және жастары 29-ға толмаған (бағдарламаға қатысуға өтініш берген сәтке) жас отбасылар, сондай-ақ балаларды (баланы) 29-ға толмаған ана-анасының біреуі ғана тәрбиелеп отырған толық емес отбасы, оның ішінде ажырағандар, жесірлер).
Бағдарлама бойынша Қазақстанда осындай баспананы жалға алу ақысы ауданы 50 шаршы метр болатын екі бөлме үшін: Астана мен Алматы қаласында келешекте сатып алу құқығымен – Т56 мыңнан аспайды; Астана мен Алматыда келешекте сатып алмайтын шартпен – Т28 мыңнан аспайды; басқа өңірлерде сатып алу шартымен – Т47 мыңнан аспайды; басқа өңірлерде сатып алмайтын шартпен – Т23 мыңнан аспайды.
Б. Сұлтанов ондай баспаналар «Қазақстан ипотекалық компаниясы» ИҰ» АҚ арқылы жергілікті атқару органдарымен бірлесіп таратылады дейді. Сондай-ақ ол, жалға берілетін сатылмайтын баспана 10 жыл мерзімге жалға берілетінін және әр 5 жылда жалға беру ақысы қайта қаралып тұратынын түсіндірді.
Еске салсақ, 2014 жылғы 11 қарашадағы Қазақстан халқына жолдауында ҚР президенті Н. Назарбаев Қазақстанда әлеуметтік баспана берудің жаңа бағдарламасы іске қосылатынын , оған алғашқы жарна керек болмайтынын, және жылдық 1-2%-бен берілетінін айтты. Оның айтуынша, алғашқы жарнаның болмауы және пайызының төмендігі оны халықтың көпшілігіне қол жетімді ете алады.
Бұл ретте мемлекет басшысы 2015-2016 жылдары құрылысты қаржыландыруға қосымша Т180 млрд бөлуді тапсырды.
Кейін ҚР бірінші вице-премьері Бақытжан Сағындықов жаңа бағдарламамен жалға берілетін 1,5 млн шаршы метрдей болатын баспана құрылысы 2015 жылы 1 қаңтарда басталатынын жеткізді.
Ұлттық экономика министрлігінің мәліметтерінше, 1-2%-дық әлеуметтік баспана беру жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны ҚР үкіметі жыл соңына дейін қабылдайды. Бұл ретте ҚР парламент сенатының депутаты Нұрлан Оразалин шығармашылық мамандық қызметкерлері мен журналистерге аталған бағдарлама бойынша баспана беру тетігін қарастыруды ұсынды. Н. Оразалин журналистер мен жазушыларға баспана алуда көмек керек деп есептейді.
Қатысты сілтемелер
-
Беларусь, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстанның әскери контингенттері Қазақстанға келе бастайды
18 Қыркүйек 2024, 17:11 -
"Майкаинзолото" кенішіндегі автобус апатынан кейін шахтаның алты қызметкері қамауға алынды
18 Қыркүйек 2024, 16:47 -
Атырау облысында республикалық автожолдың 11 шақырымын орташа жөндеуге Т1,8 млрд жуық жұмсамақ
18 Қыркүйек 2024, 16:29