Журналистер ҚР АКМ бастамасының заңдылығын түсіндіру үшін бас прокуратуға жүгінуде

Алматы. 14 ақпан. ҚазТАГ – ҚазТАГ ХАА редакциясы бас прокуратураға журналистерді аккредиттеудің қолданыстағы ережесін күшейтуге бағытталған түзетулерді енгізу туралы ақпарат және коммуникация министрлігінің бастамасының заңдылығын түсіндіріп беру туралы бас прокурор Қайрат Қожамжаровтың атына ресми сауал жолдады.
«Қазақстан Республикасының бас прокуратурасы – заңдылықтың сақталуын қадағалайтын орган, егер мәселе заңды бұзу немесе заңды бұзуға дайындалу туралы болса, сіздің ведомство Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес заңнаманың бұзылуына жол бермеу және заңнаманың бұзылуын жою мақсатында аталмыш деректерге назар аударуға міндетті», - делінген бейсенбі күні Қ.Қожамжаровтың атына жолданған ресми сауалда.
Редакция «Журналистерді аккредиттеудің қағидасын бекіту туралы» қолданыстағы заңға түзетулер жобасы арқылы аккредиттеуді алу үшін келесі талаптарды енгізу жоспарланып жатқанын көрсеткен: аккредиттелуші журналистің жеке бас куәлігінің көшірмесі; аккредиттеген мекеменің ішкі тәртібін сақтауға және модератор белгілеген регламенттің сақталуына журналистің жазбаша (еркін формада) келісімі; журналист пен бұқаралық ақпарат құралдары арасындағы келісім-шарттық қарым-қатынастың барын растайтын құжаттың көшірмесін ұсынуы керек. Аталмыш құжаттарды ұсынудан бас тарту, аталмыш түзетулер жобасы қабылданған жағдайда журналистерді аккредиттеуден бас тартуға негіз болатыны атап өтілген. Сонымен қатар, АКМ журналистерді аккредиттеуден бас тарту туралы шешім қабылдауға негіз болатын жағдайлар тізіміне келесі тармақты да енгізуге ниетті: «аккредиттеу және ғимаратта басқа журналистерді орналастыру талабы жағдайындағы отырыс, жиналыс және басқа да іс-шаралар өтетін ғимаратта журналистерді орналастыру мүмкіндігі болмаған жағдайда». Аккредиттеуден бас тарту негізіне АКМ «аккредиттейтін органның ішкі тәртібі мен модератордың регламентінің бұзылуын» де енгізбек.
«Қазақстан азаматының жеке басын куәландыратын құжатта жеке мәліметтері бар, соның ішінде жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН), және оны үшінші тұлғаларға беру заңсыз, ал журналистерді аккредиттеумен заң бойынша БАҚ айналысады, оның өз қызметкерлерінің жеке мәліметтерін үшінші адамдарға беруге құқығы жоқ», - деп көрсетілен агенттік сауалында.
Сондай-ақ, атап өтілгендей, журналист пен БАҚ арасындағы келісім-шарттық қарым-қатынасты растайтын құжаттарда азаматтардың жеке мәліметтері бар, сонымен қатар коммерциялық құпия болып табылатын мәлімет те бар.
«Аккредиттеген мекеменің ішкі тәртібін сақтауға және модератор белгілеген регламенттің сақталуына журналистің жазбаша (еркін формада) келісімін талап ету журналистерді цензурамен келісуге, аккредиттеген мекеме мен содератордың белгілеген сұрақтарын қоюға тыйым салуға немесе қойылатын сұрақтар санын шектеуге, сондай-ақ аккредиттейтін мекемеге аккредиттеуден бас тартуға мүмкіндік беруі мүмкін, және мұның бәрі цензура және Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 бабының бұзылуы болып табылады (сөз бостандығы және шығармашылыққа кепілдік беріледі. Цензураға тыйым салынады), сондай-ақ Қазақстан Республикасының «Ақпаратқа қол жетімділік» Заңының бірден бірнеше бабын бұзады», - делінген сауалда.
Редакция сонымен қатар журналист пен БАҚ арасында келісім-шарттық қарым-қатынастың барын растайтын құжаттарын ұсыну талабын да азаматтық журналистер мен блогерлер орындай алмайды, демек, оларға осы түзету қабылданған жағдайда аккредттеуден бас тартылады, және түзету жобасы қабылданған жағдайда бұл да Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 бабының бұзылуы болып табылады және ол да азаматтардың ақпаратқа қол жетімділік құқығын бұзады.
«Аккредиттеу және ғимаратта басқа журналистерді орналастыру талабы жағдайындағы отырыс, жиналыс және басқа да іс-шаралар өтетін ғимаратта журналистерді орналастыру мүмкіндігі болмаған жағдайда» тармағы да азаматтардың ақпаратқа қол жетімділігін бұзады; «аккредиттеген органның ішкі тәртібін және модератордың регламентін бұзу» туралы тармақ аккредиттеуден бас тартудың негізі ретінде мынадай жағдайда, егер журналист модератор қоюға тыйым салған сұрақты қойса және аккредиттейтін мекеме мен модераторға қолайлы кез келген жағдайда қолданылуы мүмкін, сондықтан бұл да цензураның, сөз бостандығын шектеу мен ақпаратқа қол жетімділікті шектеудің алғы шарты болып табылады», - деп көрсетілген Қ.Қожамжаровтың атына жазылған құжатта.
Жоғарыда айтылғандарға байланысты ҚазТАГ ХАА редакциясы бас прокурордан 13 ақпанда АКМ қоғамдық талқылауға шығарған түзетулер жобасына жалпы және әр даулы тармақ бойынша жекелей оның заңдылығын түсіндіруді өтінді, сонымен қатар бақылаушы орган аталмыш дерек бойынша кімге қатысты және қандай уақытта қандай жауап қату шараларын қабылдайтынын сұрады.
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес бас прокуратура сауалға сауалды алғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде, яғни кем дегенде 18 немесе 19 ақпанда жауап беруі керек.
Еске салсақ, 13 ақпанда ҚазТАГ АКМ «Журналистерді аккредиттеу қағидатын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2013 жылғы 21 маусымдағы № 138 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» бұйрығына түзетулер енгізуге ниетті екенін хабарлады. Сол түзетулер енгізілген жағдайда қолданыстағы қағидаларға қарағанда журналистердің іс-шараларды таратуға жіберілу ережесі күшейтілетін болады. Құжат 13 ақпанда қоғамдық талқылауға шығарылды, ол 27 ақпанға дейін жалғасады.
АКМ жоспарын Қазақстан Журналистер одағының төрағасы Сейтқазы Матаев та сынады, ол аккредиттеудің жаңа қағидалары арқылы мемлекеттік органдар журналистердің қоғамдық жаппай шараларға жіберілуін шектейді деп санайды. Ол журналистің шара өтетін жердегі ішкі тәртіпті сақтауға жазбаша түрде келісім беру сияқты мағынасыз талап Қазақстанда ешқашан болған емес деп атап өтті. Сонымен қатар ол журналист пен БАҚ арасында келісім-шарттық қарым-қатынастың барын растайтын құжатты ұсыну туралы тармаққа да көңілі толайтынын білдірді, себебі ол азаматтық журналистиканың жоғалуына алып келеді. С. Матаев әзірге қағида жобасын талқылайтын уақыт бар кезде қазіргі таңда қоғамдық пікірді қалыптастырудың маңызды сегменті болып табылатын әлеуметтік желіде көптеген сын туғызу керек деп санайды.
«Өз кезегінде, біз қағида жобасын әріптестерімізбен, халықаралық «Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау қорымен талқылаймыз, сөйтіп қандай да бір келісілген шешім қабылдаймыз, үнсіз қалмаймыз», - деп түйді сөзін Қазақстан журналистер одағының төрағасы.
АКМ-ның түзету енгізу туралы жоспарын журналистер де сынға алды, соның ішінде Facebook әлеуметтік желісіндегі қоғамдастықтарда да, сондай-ақ WhatsApp мессенджерінде кәсіби чаттар топтарында да талқыланды.
Міне кейбір пікірлер: «Журналистер сөз бостандығы үшін! Журналистер Абаевтың отставкасы үшін!», «Бір нәрсе жасайық. Ертең тек трансляцияны, сауалдар бойынша берілген жауаптарды ғана өңдеп отыратын боламыз», «Бұған дейін де түзетулер болған, бұған дейін де – біртіндеп редакцияларды жою, журналистер мен редакцияларды ашықтан-ашық сатып алу, оның үстіне түзетулер, тағы редакциялау. Егер тарихқа көз жүгіртсек- біз өз-өзімізді жоюға өзіміз жол берген екенбіз», «Министр осы қызметіндегі уақытта қолдауға тиіс саласына қысым көрсетумен айналысып келген».

adimage