Журналистика күнімен!

Құрметті Қазақстан журналистері!
Сіздерді 28 маусым - кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын!
Қазіргі таңда бұқаралық ақпарат құралдары азаматтық қоғамның ажырамас бөлігі ретінде билік пен бұқара халық арасын байланыстырушы буын ғана емес, халқымыздың барлық жоғары жетістіктерінің жаршысына айналды. Озық технология, интернет заманында да баспасөз халықты қажетті ақпаратпен қамтып келеді. Өздеріңіз де жақсы білесіздер заманауи қоғамда БАҚ ықпал етудің айтарлықтай элементі болып табылады. Халқымыздың достығының кеңеюі мен дамуына, тұрақтылығына ықпал ететін журналистер әрқашан құрметке лайық. Адамгершілік қағидасын ұстана отырып, мақсатқа жетуге тырысу, ағымдағы жағдайға шынайы қарау – біздің мамандығымыздың ерекшелігінің бірі.
«Қай елдің баспасөзі мықты болса, сол елдің болашағы мықты». Алаш Орда басшыларының бірі Міржақып Дулатовтың бұл сөздері журналист жұмысының қаншалықты жауапты және сонымен қатар мәртебелі екенін білдіреді. Жылына он екі ай демалыссыз жұмыс жасайтын қалам ұстаған қауымның еңбегі әрқашан лайықты бағалануы керек. Сіздер елдегі болып жатқан жағдай туралы ақпаратты халыққа шынайы жеткізу үшін күн-түн демей, бар күштеріңізді сарп етіп еңбектенесіздер.
Бүгінгі таңда бұқаралық ақпарат құралдарының рөлі тұрақты түрде өсіп келеді. Тіпті әлеуметтік желілер пайда болғанда да дәстүрлі БАҚ қоғамдағы өз ықпалын сақтап отыр.
Біздің елде журналистика кең көлемді реформаларды жүзеге асыруда алдыңғы қатарда келе жатыр. Баспасөз бен электронды басылым миллиондаған адамдардың көңіл-күйінде мықты бекіп қалған. Отандық БАҚ ешқашан кәсіби, сапалы және жедел ақпарат таратудан шаршаған емес.
Қазақстан журналистері халықаралық қауымдастықта халқымыздың ұлттық мүддесін сақтау қағидасын ұстана отырып қызмет етіп келеді.
Әріптестерімді – ақпарат алаңында бірге жүрген қалам қайраткерлерін шын жүректен кәсіби мерекелерімен құттықтаймын! Қаламымыз әрдайым өткір, ал біздің шығармашылық ойымыз құс ұшып еңсере алмаған биіктікті бағындырсын, құрметті әріптестерім! Баршамызға Тәуелсіздігіміздің игілігі үшін ортақ жеңіс тілеймін!

Ізгі тілекпен,
Сейтқазы Матаев,
Қазақстан Журналистер одағының төрағасы.

adimage