Журналистика күнімен !

Күні: 14:11, 28-06-2018.

Құрметті әріптестер!

Қазақстанның барлық ақпарат құралдары мен бұқаралық-медиа және телекоммуникация саласында еңбек етіп жүрген баршаңызды төл мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз!  
Байланыс пен ақпарат дәл қазіргі таңда қоғамдық өмірдің барлық басты салаларын қамтып отырғанын бәріміз жақсы білеміз. Олардың рөлі қай кездегіден де жоғары сатыға көтеріліп, XXI ғасырда көрнекілікке ие болды. Қазақстанның бұқаралық-медиа және телекоммуникация деңгейі мемлекетіміздің даму индикаторына айналып отырғаны сіздердің қызметтеріңіздің жауапкершілігін одан әрі арттыра түседі. Жаңалықтың жаршысы, жақсылықтың хабаршысы болып қоғамдық ахуалдың алғы шебінде жүретін айрықша кәсіп иелерінің қызметі қадірлі де, құрметті. Сіздер осы атаққа сай лайықты еңбек етіп келе жатырсыздар.
Журналистика – қызығы мен қиындығы мол, зор жауапкершілікті қажет ететін кәсіп. Сіздер жекелеген адамдардың тағдыры да, қоғамның рухани ахуалы да адал, шынайы журналистік сөзге байланысты екенін жақсы түсінесіздер. Сондықтан да сіздер үшін  оқырманның, көрерменнің және тыңдарманның алдында адал болудың жөні бөлек.
Сіздердің салмақты сөздеріңіз бен салиқалы пікірлеріңіздің арқасында халық билікке өз сөзін жеткізіп отыр және баспасөзбен тығыз байланыстың нәтижесінде атқарушы билік органдарының қызметі туралы тұрғындарға жедел және дәлелді ақпараттар жеткізіліп келеді. Сіздердің тынымсыз кәсіптеріңізге деген адалдықтарыңыз үшін зор алғысымызды білдіреміз.
Биыл да жылдағы дәстүр бойынша кәсіби мерекеміз қарсаңында бір топ қазақстандық журналистер Қазақстан Журналистер одағының сыйлығымен және басқа наградаларымен марапатталды. Оларға да мерекелік құттықтауымызды жолдаймыз. Қаламдарыңызға қызықты тақырыптар ілінсін, ал сіздердің жарияланымдарыңыздағы әр сөз адамдарды жақсылық жасауға, жарық әлемді нұрландыруға жетелесін!
Кәсіптеріңізге өрлеу, шығармашылықтарыңызға сәттілік, еңбектеріңізге табыс тілейміз! Сіздерге және отбасыларыңызға табыс, бақыт тілейміз! Әр бастамаларыңыз сәттілікпен шынайы өмір айнасына айнала берсін!
Мерейлі мереке құтты болсын, ұшқыр қалам иелері!

Құрметпен, Қазақстан Журналистер одағының басқармасы.


Жаңалықтармен бөлісу: