Қаламқас кен орнындағы апатты жағдайды жою жалғасуда – ТЖК

Күні: 14:20, 25-03-2019.

Астана. 25 наурыз. ҚазТАГ – Маңғыстау облысында Қаламқас кен орнындағы апатты жағдайды жою жалғасуда, деп хабарлады ТЖК ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов.
«25 наурызда сағат 07.10-да Маңғыстау облысы ТЖД кезекші-диспетчер қызметіне Маңғыстау ауданы  «МаңғыстауМұнайГаз» АҚ «Қаламқас» мұнай кен орнындағы ұңғымалардың бірінде 900 ш.м. алаңда ашық өрт шыққан. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ», - деп мәлімдеді Нұрахметов дүйсенбіде.
Оның ақпарынша, өртті сөндіруге құрамында 14 жұмысшысы мен 4 бірлік техникасы бар «Семсер Өрт сөндіруші» ЖШС мен «Қаражанбас» ЖШС үкіметтік емес өрт сөндіруші қызмет күштері жұмылдырылған.


Жаңалықтармен бөлісу: