«Қаламқас» кен орнындағы өрт сөндірілді

Күні: 11:58, 28-03-2019.

Астана. 28 наурыз. ҚазТАГ – «Қаламқас» кен орнындағы өрт сөндірілді, деп хабарлады Қазақстанның энергоминінің баспасөз қызметінен.
«28 наурызда сағат 1.05-те «Қаламқас» кен орнындағы №8237 ұңғымасы жанындағы грифонның өрт тұтанған көзі сөндірілді. Бүгінгі таңда су-газ атқылауы тоқтады және пайда болған грифондар да жабылды», - деп хабарлады бейсенбіде энергоминінен.
Еске салсақ, 25 наурызда сағат 07.10-да Маңғыстау облысы ТЖД кезекші-диспетчер қызметіне Маңғыстау ауданы «МаңғыстауМұнайГаз» АҚ «Қаламқас» мұнай кен орнындағы ұңғымалардың бірінде 900 ш.м. алаңда ашық өрт шыққан. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Өрт сөндіру орнында Маңғыстау облысы ТЖД бастығы Қуанар Базарбаевтың жетекшілігімен жедел штаб ұйымдастырылды.
26 наурызда «Қазмұнайгаз» ҰК АҚ баспасөз қызметінен кен орнында шыққан өртті өрттің негізгі көзіне апаратын кірме жолдардың болмауынан сөндіру мүмкін болмай жатқанын хабарлаған еді.
Өрттің шығуына бұрғылау ұңғымасындағы апат себеп болған. Атап айтсақ, 24 наурызда белгілі болғандай, 13 наурызда сағат 17.30-да «Қаламқас» кен орнында «Си Бу» Инженерлік Бұрғылау Компаниясы» ЖШС (Ақтау) жобалық тереңдігі 903 м №8237 ұңғымасын бұрғылау кезінде газ-су қоспасының атқылауы орын алған. Қазақстан энергомині апаттың салдары 24 наурыз кешке дейін жойылады деп мәлімдеген еді.
26 наурызда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Қаламқастағы» жағдайды жеке бақылауына алғанын мәлімдеген еді.


Жаңалықтармен бөлісу: