Астана. 24 желтоқсан. ҚазТАГ - Алматы-2 – Қостанай жұрдек пойыздарының қосымша рейстері 26 желтоқсанда енгізіледі, деп хабарлады «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметінен.
«Жолаушылар тасымалы» АҚ Алматы-2-Қостанай бағыты бойынша №179/180 жүрдек пойызының қосымша рейстерінің белгілі болғандығын хабарлайды: Алматы-2 стансасынан – 2018 жылдың 26, 30, 31 желтоқсанында, Қостанай стансасынан 2018 жылдың 27, 31 желтоқсаны, 2019 жылдың 1 қаңтары», - делінген дүйсенбіде таратылған хабарда.
Аталмыш құрам билеттерін сатылымның барлық нүктелерінен сатып алуға болады.
Алматы-2 – Қостанай жүрдек пойыздарының қосымша рейстері 26 желтоқсанда енгізіледі
