Алматы ауруханаларының басшыларына үстемақыларды уақытылы төлемегендеріне байланысты ескерту жасалды

Алматы. 1 қазан. ҚазТАГ – Алматы ауруханаларының басшыларына үстемақыларды уақытылы төлемегендеріне байланысты ескерту жасалды, деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметінен.
«Медициналық қызметкерлер арасында жұқтыру жағдайы бойынша әлеуметтік төлемдерге ерекше назар аударылды. Қазіргі уақытта тиісті төлемдер жүргізілуде, сонымен бірге қажетті құжаттарды кешіктіру немесе дұрыс ресімдемеу мәселелері де бар. Осыған байланысты, Ержан Бабақұмаров (Алматы әкімінің орынбасары – ҚазТАГ) осындай дұрыс істелмеген жұмыстары үшін емханалардың басшыларына, атап айтқанда, № 1 Қалалық клиникалық аурухананың бас дәрігері - Э. Қалиевке, №7 Қалалық клиникалық аурухананың бас дәрігері – М. Рамазановқа, Орталық қалалық клиникалық аурухананың бас дәрігері – Н. Табынбаевқа, Қалалық балалар клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасы – Е. Сералинге, қалалық жедел көмек көрсету ауруханасының бас дәрігері – А. Джувашевке, Қалалық паллиативтік көмек орталығының бас дәрігері – Э. Затыбековаға, фтизиопульмонология Ұлттық ғылыми орталығы – М.Әденовке, №1 көпсалалы медициналық орталық–Ж.Сәпиеваға ескерту жасады», - делінген хабарда.
Хабарда нақтыланғандай, Алматы қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына пандемиямен күреске жұмылдырылған медициналық мекемелердің қызметкерлеріне тиесілі барлық төлемдерді толық және уақтылы жүзеге асыру үшін тиісті құжаттарды енгізу жөнінде шаралар қабылдау тапсырылды.
«Сонымен қатар, ай сайын нақты жұмыс істеген сағаттар бойынша медициналық ұйымдардың қызметкерлеріне қауіп топтары бойынша үстемеақылар төленеді. Алматы қаласы бойынша COVID-19-ға қарсы күрес аясында эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған ұйымдардың қызметкерлеріне үстемақы төлеуге арналған сома осы жылдың наурыз айынан бастап 6 ай ішінде 11 млрд теңгеден астам соманы құрады», - деп жазды баспасөз қызметі.
Хабарда атап өтілгендей, айлар бойынша төлемдер сомасы: наурызда 3 766 медицина қызметкері 1,2 млрд теңге; сәуір айында 5 474 медицина қызметкері 1,5 млрд теңге; мамыр айында 5 043 медицина қызметкері 1,5 млрд теңге; маусым айында 5 432 медицина қызметкері 1,8 млрд теңге; шілдеде 7 541 медицина қызметкері 2,7 млрд теңге; тамыз айында 2,6 млрд теңгеге 6 623 медицина қызметкеріне төлем төленді.
Еске салсақ, 2 сәуірде қаржы вице-министрі Болат Шолпанқұлов карантин шараларын жүргізу жүйесіне жұмылдырылған денсаулық сақтау саласының қызметкерлерін ынталандыру үшін Т40,6 млрд бөлінетінін мәлімдеген еді. Үстемақылардың көлемі, оның айтуынша, қауіп тобы бойынша анықталатын болады.

adimage