Алматы – Екатеринбург республикалық тас жолының бөлігінде қозғалыс шектелді

Астана. 5 желтоқсан. ҚазТАГ - Алматы – Екатеринбург республикалық тас жолының бөлігінде қозғалыс шектелді, деп хабарлады ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметінен.
«5 желтоқсанда сағат 12.40-та Қарағанды облысында (…) Алматы – Екатеринбург республикалық маңыздағы көлік жолының бөлігінде (1003-641 км, Қарағандыдан Балқашқа дейін) жүк және жолаушылар көлігі үшін қозғалыс шектелді», - деп хабарлады ТЖК ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов бейсенбі күні.
Ол нақтылағандай, қозғалыс «көктайғаққа байланысты» шектеліп отыр.

adimage