Алматы, Шымкент және Нұр-Сұлтан айырбас қосындарында доллар бағамы түрлі бағытта өзгерді

Алматы. 27 қыркүйек. ҚазТАГ – Жұма күні бейсенбідегі мәліметтерге қарағанда Алматы, Шымкент және Нұр-Сұлтан айырбас қосындарында доллар бағамы түрлі бағытта өзгерді, деп хабарлады Kurs.kz.
Нұр-Сұлтан қаласындағы айырбастау пунктінде АҚШ долларының орташа сатып алу бағамы Т385,9, сату - Т387,6 болды.
Алматыда $1 орташа сатып алу бағамы Т386,6, сату – Т388,2.
Шымкентте $1 орташа есеппен сатыл алу бағамы Т387,5, ал сату - Т388.
Қазақстан Ұлттық банкі бекіткен АҚШ долларының ресми бағамы Т387,53 құрады.

adimage