Алматы, Шымкент және Нұр-Сұлтан айырбас қосындарында доллар бағамы түрлі бағытта өзгерді

Алматы. 30 қыркүйек. ҚазТАГ – Дүйсенбі күні сенбідегі мәліметтерге қарағанда Алматы, Шымкент және Нұр-Сұлтан айырбас қосындарында доллар бағамы түрлі бағытта өзгерді, деп хабарлады Kurs.kz.
Нұр-Сұлтан қаласындағы айырбастау пунктінде АҚШ долларының орташа сатып алу бағамы Т386,2, сату - Т387,9 болды.
Алматыда $1 орташа сатып алу бағамы Т387, сату – Т388,5.
Шымкентте $1 орташа есеппен сатыл алу бағамы Т388, ал сату - Т388,7.
Қазақстан Ұлттық банкі бекіткен АҚШ долларының ресми бағамы Т387,63 құрады.

adimage