Қарағанды облысында көше шамдарын қалыпқа келтіру бойынша ауқымды жұмыстар жоспарлануда

Күні: 17:44, 12-11-2018.

Алматы. 12 қараша. ҚазТАГ - Қарағанды облысының қалаларында мемлекеттік-жекеменшік әріптестік бағдарламасы аясында көшедегі шамдарды қалыпқа келтіру бойынша ауқымды жұмыстар жоспарланып отыр, деп хабарлады өңірлік әкімдіктің сайтынан.  
«Теміртау және Балқашта жұмысқа кірісуге дайын бизнесмендер де табылды.  Қарағандыда жаңғырту жұмыстарын бастамас бұрын, энергоаудит жүргізілді. Қалада барлық шамдар, электр таратушы желілер мен трансформаторлар саналды, сондай-ақ олардың қалай жұмыс істеп тұрғандығы тексерілді. Ендігі кезекте МЖӘ-нің қандай бағдарламасы бойынша жобаны жүзеге асыратындығы және қала үшін де, жұмыстарды атқаратындар үшін де тиімді болатын жол қарастырылады», - делінген дүйсенбідегі хабарда.
«Теміртауда кәсіпкерлердің бірі құрған бизнес-жоспар бар. Қазір оның жобасы талқылау барысында. Балқашта да жоспар дайын, ол қарастырылып жатыр. Сәтпаевта бизнес-жоспар енді ғана жасалып жатыр», - деп түсіндірді энергетика және ТҮКШ басқармасының басшысы Ұлантай Үсенов.  
Қала шамдары толықтай немесе жартылай ауыстырыла ма, жоқ па – әзірге белгісіз. Бұл мәселелер,Ұлантай Үсеновтың айтуынша, жергілікті жерде шешіледі.
«Егер мысалы, қандай да бір көшеде жарық шамдары өткен жылы ғана ауыстырылған болса, оларды тағы орнатудың қажеті жоқ. Мұндай ерекшеліктер жергілікті атқару органдарына белгілі. Осының барлығы бизнес-жоспарда келтіріледі. Сондай-ақ оған дала шамдарының маркасы мен түрі, кепілдік мерзімі, жәнеде кепілдемеден кейінгі қызмет көрсетілуі секілді жайттар енгізілуі керек», - деді басқарма басшысы.


Жаңалықтармен бөлісу: