Қарағанды облысында Наурызда жаппай төбелес пен атыс орын алды

   Қарағанды.24 наурыз.ҚазТАГ- Қарағанды облысында Шахтинск қаласында Наурызда жаппай төбелес пен атыс орын алды, деп хабарлайды eKaraganda.kz.
   "22 наурызда сағат 23:50 шамасында Шахтинск қалалық ІІБ-нің кезекші бөліміне түнгі клубтың жанында жаппай төбелес шыққаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына полиция қызметкерлері келді. Анықталғандай жанжал белгісіз адамдардың арасында туындаған. Ауыр салдардың алдын алу үшін полиция қызметкері ауаға оқ атты. Оқиғаға қатысушылардың барлығы полиция бөліміне жеткізілді", - деп хабарлады Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
   ҚР ҚК 293-бабының 2-бөлігі (бұзақылық) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

adimage