Қарағанды. 18 қаңтар. ҚазТАГ - Қарағанды облысындағы ауылдан полицейлер төрт мылтықты тәркіледі, деп хабарлайды Қазақстан ішкі істер министрлігінің ресми интернет-ресурсы.
"15 қаңтарда Қарағанды облысы Ұлытау ауданының полиция бөлімінің қызметкерлері "Құқықтық тәртіп" жедел-алдын алу іс-шарасын өткізді. Олар елді мекендердің бірінің белгілі бір тұрғынында тіркелмеген қару бар екендігі туралы ақпарат алды. 46 жастағы күдіктінің жеке үйін тексеру кезінде полицейлер тұтас арсенал – төрт бір ұңғылы мылтық тәркіледі. Табылған қару сараптамаға жіберілді", - делінген хабарламада.
ҚР ҚК 287-бабы (Қаруды заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.