Ұ. Қарабалин: Отын тапшылығы қазан айының екінші жартысында толығымен жойылады

Астана. 26 қыркүйек. ҚазТАГ – 10 күн бұрын ҚР энергетика министрінің орынбасары Ұзақбай Қарабалин, ішкі нарықта бензин тапшылығы жағдайында Қазақстан ЖЖМ партиясын сатып алуды Әзербайжаннан және Түркменстаннан сұрап отыруға мәжбүр, деп мәлім еткенді. Оның себебі ретінде Ресей бензинінің Қырымға көптеп жіберіліп жатуынан Қазақстанға жеткізілуі қысқартылуымен байланысты. Бүгін біз Ұ. Қарабалиннің ҚазТАГ-тың бірқатар сауалдарына берген жауабын жариялап отырмыз

- Ұзақбай Сүлейменұлы, қазір Қазақстандағы бензин тапшылығының себептерін түсіндіріңізші?

- Ішкі нарықтағы бензин тапшылығы бірқатар объективті себептерден туындады. Біздің шекарада кеденнің жоқтығынан және баға айырмашылығынан бізден бензиннің айтарлықтай мөлшерін Ресейге қарай әкету орын алып отырғандығында, себебі онда бензин қымбат және одан айтарлықтай пайда табуға болады.
Одан басқа, қазақстандық МӨЗ-дер Кеңестік дәуірде іске қосылған, сондықтан олардың қуаттары мен техникалық мүмкіншіліктері елімізді октандығы жоғары бензинмен қамтамасыз етуге мүмкіндік бермейді. Бүгіндері қазақстандық МӨЗ-дер ішкі нарық сұранысын тек 70% ғана қанағаттандыра алады. Жыл сайын отын тапшылығы мемлекет аралық келісім бойынша жабылып отырады, негізінен Ресей Федерациясымен жасалған келісім бойынша. Біз нарықтағы жағдайға жүйелі мониторингі жасап отырамыз, сондықтан жетпейтін отынды шұғыл жеткізудің шараларын алдын ала жасап отырамыз.
«ҚазМұнайГаз» компаниясы Ресей Федерациясының компанияларымен жасалған келісімшарт бойынша 69,5 мың тонна АИ-92 бензинін (Башнефть, Роснефть), 10 мың тонна бензин АИ-95 (Башнефть) және  64 мың тонна дизель отынын (Башнефть, Литаско, Форте Инвест) жеткізу жоспарланған. Егер аталған отын дер кезінде бізге жіберіліп отырғанда, ішкі нарықта ешқандай отын тапшылығы болмас еді. Бірақ, Ресейдің отын нарығы бірқатар апаттық жағдайларға, оның ішіндегі Ачинск МӨЗ-індегі апатқа, сондай-ақ бірқатар зауыттардың жоспарлы жөндеу жұмыстарына тоқтауына тәуелді болып шықты. Қорытындысында, келісімшартта айтылған отын көлемі бізге көп кешігіп келе бастады, және біз осындай қысылтаяң жағдайда ЖЖМ-ның басқа көздерін іздестіре бастадық.
Біздің елдің үкіметі ресейлік тараппен барлық деңгейде белсенді келіссөздер жүргізіп,  үйлестіру мәселесін қарастырып жатыр.

adimage