«Астана Балет» директоры ауысты

Күні: 19:16, 08-02-2019.

Астана. 8 ақпан. ҚазТАГ – Александр Совостьянов «Астана Балет» театрының директоры болып тағайындалды.
«Астана Балет» театрының директоры қызметіне «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрының сыртқы байланыс және маркетинг жөніндегі директордың экс-орынбасары Александр Совостьянов тағайындалды. Жаңа басшыны ұжымға мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы таныстырды», - делінген жұмадағы театрдың хабарында.
Ақпарға сәйкес, 2015 жылдың қаңтар айынан бері директор қызметін атқарған Валерий Күзембаев театр директорының жалпы сұрақтар жөніндегі орынбасары болып тағайындалған.


Жаңалықтармен бөлісу: