Астанада ұсталған журналисттің ісі бойынша өтіп жатқан «жәбірленуші» сот залына жеке куәлігінсіз кірген

Астана. 1 сәуір. ҚазТАГ – Астанада Наурызда ұсталған журналист Светлана Глушкованың ісі бойынша «жәбірленуші» ретінде өтіп жатқан 17 жасар Гүлнар Тұрарбекова сот залына жеке куәлігінсіз кірген, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Екінші қатысушыны күтеміз. Өкінішке орай ол өзімен бірге жеке куәлігін ала келмеген», - деп мәлімдеді Глушкованың әлеуметтік желісіндегі парақшасында тікелей эфирде өтіп жатқан сот залынан сот приставасы.
Бұл ретте процестің басында Тұрарбекова сот залында болған.
«Ол жалпы полиция қызметкерлерінің бақылау-өткізу пункті арқылы қалай өткен? Ол жерде екі-үш полиция қызметкері тұрады. Ол жерде жеке куәлігі жоқ адамдар кіре алмай тұр. Ал бұл кәмелетке толмаған, процеске қатысушы, егер ол процеске қатысқан болса, оның кім екенін қалай анықтаған?» - деген ойға қалды сот залында отырған қоғам өкілдері.
Сот приставасы болған жайт бойынша жуапкершілікті полиция қызметкерлеріне жүктеді.
«Бақылау-өткізу режиміне АКҚБ (арнайы күзет қызметі басқармасы – ҚазТАГ) қызметкерлері жауапты», - деп мәлімдеді пристав.
Осы сәтте «жәбірленуші» Тұрарбекова залға қайта оралды. Ол сұрақтарға ықылассыз жауап берді және үнемі бетін бас киімімен жабумен болды.
Ал Глушкованың өзі парақшасында судья Әсия Дощановадан бас тартылғанын айтты.
«Сот 16.00-ге қалдырылған. Іште интернет жұмыс жасамайды», - деді журналист.
31 наурызда хабарлағандай, 22 наурыз күні елорданың Нұр-Сұлтан деп атауының өзгеруіне қарсылық танытқандарды ұстау туралы хабар таратпақ болған кезде ұсталған Глушкованың «Нұрсұлтан Назарбаев» халықаралық әуежайының ішкі ұшырылымының №1 терминалының полиция бөлімшесінде отырғаны туралы хабарланған еді. Ол болып жатқан жайтты тікелей эфир арқылы таратқан, және оған қорғаушысынсыз іс материалын бермей жатқаны анықталды. Глушкованың өзі оны сол күні-ақ ұсталуына байланысты әкімшілік іс қарау үшін сотқа апарғалы жатқандарын айтқан еді.
«Бұл «Шапағат» жанында бір студенттің арызына қатысты іс, яни мен оны ұрып жіберіпті –міс. (Астана ПД – ҚазТАГ) бастығының орынбасары Бақытжан Майлыбаев мені ұстауға бұйрық берген», - деп түсіндірді Глушкованың өзі.
Кейін белгілі болғандай, студент Тұрарбекова «Астана Жастары» ҚМБ еріктісі екен және азаматтарды ұстау болған уақытта «халықтың бимен, әнмен көңілін көтеру үшін» сауда үйінде болған.
Сондай-ақ, хабарланғандай журналисттің қорғаушысы Бауыржан Азанов, құжаттарды қарай келе материалдарда іс материалының көшірмесін беру туралы оның өтінішінің жоғын аңғарған.
Сонымен қатар, соққыдан жәбірленуші-міс Тұрарбекованың сараптамасының Глушкова ұсталған 22 наурызда емес, жеті күн өткесін, яғни 29 наурызда жасалғаны анықталған.
Бұдан басқа, іс материалы жатқан учаскелік полиция Құдайберген Арыновтың рапортында құжаттың жазылған күнін таба алмаған.
Тексеру барысында әуежайда Глушкова журналистік қызметін жүргізуге кедергі келтіргендері үшін Тұрарбекова мен Астана ПД бастығының орынбасары Майлыбаевты жауапқа тарту туралы қарсы арызданды.
Еске салсақ, 21 және 22 наурызда Астана мен Алматыда ондаған адамдар ұсталды. Ұсталғандар арасында – журналистер де бар, оның ішінде Светлана Глушкова да бар. Сонымен қатар, адамдар ұсталған жерде БАҚ қызметкерлеріне жұмыс жасауға кедергі келтірілген, ал азаматтарды ұстаудың өзі полиция тарапынан бұзушылықтармен жүзеге асқан. Еске салсақ, 21 наурызда Астанада полиция әкімдік ғимараты алдында референдум жасамастан елорданы Нұр-Сұлтан деп өзгертуге қатысты өз келіспеушіліктерін білдіргісі келген 20 шақты азаматты ұстаған. Сонымен қатар азаматтардың ұсталуы Алматыда да тіркелген. Беделді халықаралық «Репортеры без грани» ұйымы журналистердің ұсталуына түсінік бере келе, Қазақстан билігінен журналистерді аңдуды тоқтатуды талап еткен. 29 наурызда журналистердің ізіне түсуді доғаруды «Әділ сөз» халықаралық сөз бостандығын қорғау қоры да талап еткен.
ҚазТАГ ХАА редакциясы 22 наурызда ішкі істер министрінің кеңесшісі – ІІМ ресми өкілі Нұрділдә Ораздан түсінік беруін сұрады, ол ведомствоның болған жайтқа кейін түсінік беретінін мәлімдеді, бірақ өз уәдесінде тұрмады.
19 наурызда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылдың 20 наурызынан бастап мемлекет басшысының өкілеттігін тоқтату туралы жарлыққа қол қойды. Келесі президенттік сайлауға дейін Сенаттың экс-спикері Қасым-Жомарт Тоқаев уақытша мемлекет басқарады. Ол өзінің алғашқы идеясы ретінде елорданы Нұр-Сұлтан деп атауды ұсынды, бұл қоғам тарапынан түрлі пікір тудырды.

adimage