ҚазҰУ аумағында жігіт қайтыс болды

Алматы. 19 маусым.ҚазТАГ- Алматыдағы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің аумағында жігіт қайтыс болды, деп хабарлайды агенттіктің тілшісі.

"Аталған факті бойынша тергеу басталды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды",-деп жауап берді Алматы қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Жігіт университеттің студенті емес екені белгілі болды.

Журналист Михаил Козачков бейнежазбаға сүйене отырып, марқұмның субұрқақта шомылғысы келгенін мәлімдеді.

adimage