«Қазәуеқұтқару» тік ұшағы Тянь-Шаньде жоғалған қазақстандық альпинистерді іздеу үшін Қырғызстанға ұшып шықты

Күні: 10:52, 20-08-2019.

Астана. 20 тамыз. ҚазТАГ - «Қазәуеқұтқару» тік ұшағы Тянь-Шаньде жоғалған қазақстандық альпинистерді іздеу үшін Қырғызстанға ұшып шықты, деп хабарлады ҚР ІІМ ТЖК ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов.
«Сағат 08.57-де ҚР ІІМ ТЖК «Қазәуеқұтқару» Ми-171 борты Алматы облысы Қарқара альпинистік лагерінен іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін Қырғыз Республикасына ұшып шықты. Тік ұшақ бортында үш әскери альпиинист бар, олар Чаркудык базасына дейін жеткізіледі. Ары қарай жаяу жолмен көтеріледі. Іздестіру жұмыстарына қырғыз альпинистерінің тобы қосылады», - деп мәлімдеді сейсенбі күні Нұрахметов.
Еске салсақ, 19 тамызда белгілі болғандай, Қазақстандық әскерилер Қырғызстан тауларында жоғалған қазақстандық альпинистерді іздестіру бойынша құтқару операциясын бастаған. Құтқарушылар тобында белгілі альпинист- капитан Мақсұт Жумеев бар. Сонымен қатар майор Аманжол Рахметов те жүр. Операцияға аға лейтенант Василий Пивцов жетекшілік етуде.
ҚР СІМ хабарлағандай, Қырғызстан мен Ресей альпинистері де Тянь-Шань тауларынан қазақстандықтарды іздесіруге қосылған.
Сонымен қатар ҚР қорғаныс министрлігі ауа райының қолайсыздығынан Тянь-Шаньда қазақстандық альпинистерді іздестіру жұмыстарының уақытша тоқтатылғанын хабарлаған еді. Қазақстанның әскери альпинистер тобы қорғаныс ведомствосының ақпарынша, 19 тамызда толық құрамда 2,2 мың м. биіктіктегі базалық лагерьге қайта оралып, ауа райының жақсаруын күтулеріне тура келген.


Жаңалықтармен бөлісу: