«ҚазҰҚызПУ» Wi-Fi аймағының бір комплектісін Т395,5 млн сатып алмақшы

Астана. 25 маусым. ҚазТАГ – «Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы Wi-Fi аймағының бір комплектісін Т395,5 млн сатып алмақшы, деп хабарлайды агенттіктің тілшісі.

«Тапсырыс беруші – «ҚазҰҚызПУ» КеАҚ; атауы - рұқсат нүктесі; қосымша сипаттамасы - Wi-Fi аймағы; саны - бір; өлшем бірлік - комплект; жоспарлы сома - Т395 552 355», - деп мелекеттік сатып алу порталындағы лот сипаттамасында айтылған.

Конкурсқа өтінімдерді алдын-ала қабылдау мерзімі 4 шілде мен 19 шілде аралығында өтеді.

Фото көзі: 2gis.kz


adimage