«Қазақэнергиясараптама» АҚ басшысы Сұңғат ЕСІМХАНОВ: 15 ІРІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ КӘСІПОРЫН ЕЛДЕ ӨНДІРІЛЕТІН ЭЛЕКТР ҚУАТЫНЫҢ ҮШТЕН БІРІНЕН АСТАМЫН ТҰТЫНАДЫ

Астана. 7 қараша. ҚазТАГ - Әсел Қожағулова. Соңғы жылдары энергетика ресурстарын тиімді пайдалану әдістері бүкіл әлем бойынша қызу талқылануда. Сарапшылардың пікірінше, экономикамыздың энергияны көп қажет ететініне байланысты Қазақстан үшін кәсіпорындардың энергетикалық тиімділігі аса маңызды. Энергия тұтыну секторында үнемдеудің қандай әдістері пайдаланылуы мүмкін, мұндайда қандай қиындықтар туындайды және энергетикалық аудиттің не үшін қажет екені туралы агенттікке ҚР индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің «Қазақэнергиясараптама» АҚ президенті Сұңғат Есімханов айтып берді.

 

 

-Энергия үнемдеу туралы сұрақтан бастайық: бұл секторда Қазақстанның ұстанған саясаты қандай? Бүгінгі күні тәжірибе жүзінде іске асқан шешімдер, жобалар бар ма?

 

 

- Энергия үнемдеудегі бірінші түсінік - энергияның жұмсалуы. Бұл агрегирленген көрсеткіш, оған қарап экономикалары әр түрлі елдердің энергетикалық тиімділігін белгілі бір деңгейде салыстыруға болады. Энергияны жұмсау деңгейі бойынша біз жақын көршілерімізден, озық елдерден де қалыс қалдық. Мысалы, Беларусь елінен - 1,6 есеге, Жапония мен Германиядан -  19 есеге.

Мемлекет басшысының еліміздің алдына ЖІӨ-нің энергияны жұмсауын 2015 жылы 10%-ға төмендету міндетін қойғанын еске сала кетейін. Соңғы екі жылда бізде бұл бағыттағы саясатымыз жаңа, сәйкес заң қабылданды, кезең-кезеңмен іс-қимылдың кешенді жоспары қабылданды. 2013 жылы біз еліміздегі ірі кәсіпорындардың бәріне энергетикалық аудит өткізуді жоспарлап отырмыз. Қандай да бір жобалардың, тәжірибелік шешімдердің пайда болуы энергетикалық аудитті өткізуге, оның нәтижелеріне байланысты болады.

 

 

- Энергия үнемдеу бойынша жобаларды енгізуден мемлекет қанша қаржы үнемдей алады, қандай да бір есептеулер немесе тәжірибе бар ма?

 

 

- Бізде 15 ірі кәсіпорын еліміздегі электр қуатының 35% тұтынады. Мен оларды атамай-ақ қояйын, бірақ қызықты дерек емес пе? Ал халықтың электр қуатын тұтынуы - энергия үнемдеу үшін аз ғана мөлшер.

Мысалы, Ақсу ферроқорытпа зауытының өзі шамамен 5,5 млрд кВт/сағ тұтынады - бұл ел тұтынатын мөлшердің 7%. Былтыр біз қанатқақты жобаны қолға алдық, немістің «Дена» энергетикалық агенттігін қатыстырдық, ферроқорытпа зауытына аздап терең аудит жасадық, 15% резерв бар екенін көрдік, энергия үнемдеудегі әлеует осында. Олардың тұтыну көлемінен 840 млн кВт/сағ үнемдеуге болады.

Тағы бір мысал: Петропавл машина жасау зауыты соншалықты көп тұтынбайды, бірақ оның энергия үнемдеу әлеуеті мол, өйткені ондағы жабдықтар ескі және қуатты көп пайдаланады. 

Еліміздегі ең күшті 15 тұтынушы-кәсіпорын энергиясының 20%-ын үнемдей бастаса, жылына 7 млрд кВт/сағаттан астам немесе 74 млрд. теңге үнемдеуге болатын еді. Елестетіп көріңіздерші: елімізде тіпті жаңа электр станциясын салатын қажеттілік те болмайды.

 

 

- Кәсіпорындардағы энергетикалық тиімділікті көрсететін жобалар бар ма? Табысты жобалар бар ма?

 

 

- Біз ірі кәсіпорындармен жұмыс істей бастадық. Олардың саны - 200. Әрқайсысының энергия үнемдеу бойынша өз жоспарлапы бар. Осы 200 кәсіпорын түрлі шаралар есебінен жылына Т5 млрд-қа жуық үнемдейді. Әрине, олар энергия үнемдеуге, өз кәсіпорындарының энергетикалық тиімділігін арттыруға қаржы бағыттауға жеткен жоқ, бірақ бұл бағытта жұмыс жүргізіле бастады.

Біздің менталитетіміз сондай… Заңның міндеттейтін нормалары күшіне енеді, энергетикалық аудит жасалады, кәсіпорындар өз әлеуеттерін көреді, содан кейін ғана қаржы сала бастайды.

Нақты айтатын болсақ, мен Ақсу зауыты туралы айтып кеттім. Ол жерде пеш модернизацияланды, өнімділік, энергетикалық тиімділік арттырылды. Табысты шыққан ірі жобаның мысалы осы емес пе?  ЖЭО-ларда немесе МАЭС-терде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, жаңа турбиналар іске қосылуда. Екібастұз МАЭС-індегі блоктарға сүзгілер орнатып жатыр, осыдан шығарындылар 99%-ға азайды...

 

 

- ҚР-да энергия үнемдегіш құрал-жабдықтар шығарыла ма? Шығарылмаса, қайдан сатып алынады және олар қанша уақытта ақталады?

 

- Бұл бағытта қабылданып жатқан шаралар бар. Біріншіден, ең оңайы - энергия үнемдейтін шамдар, бұл өнімді қазірдің өзінде 5-6 кәсіпорын шығарады.

Біздің кәсіпорындарымызға қуат үнемдегіш құрал-жабдықтарды әлеуетті жеткізушілер көптеген елдерден. Қазір жеткізілімдер негізінен Еуропа мен АҚШ-тан жүзеге асырылуда. Жапониялық технологиялар өте заманауи, оларды сатып алу үшін ірі кәсіпорындарға миллиардтаған инвестициялар салу керек. Ондай құрал-жабдықтардың ақталу мерзімі туралы әңгіме бөлек, есептеулер жүргізу керек … 

 

Елімізде іске асырылуы қажет куат тиімділігі бойынша кезек күттірмес шараларды атай аласыз ба?

 

- «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігі туралы» заң күшіне енген соң ең бастысы  - энергоаудит жүргізуде. Себебі кәсіпорындағы  мамандардың өзідері жұмыс жасап бір нәрсені білгені бір бөлек те, онда толығымен аспаптық тексерулер жасау - бір басқа.

 

- Кәсіпорындарда энергоаудитті қалай жүргізу керек дейсіз? Онымен кім айналысады? Қандай нысандар міндетті түрде энергетикалық тексеруден өтуі тиіс?

 

- Анықтаудан бастайық. Энергоаудит дегенімін - экономикалық және техникалық тұрғыдан энергоүнемдеудің тиімді көлемін анықтау мақсатында жүргізілетін тексеру. Оған оны қалай іске асыру керектігі туралы есептелген ұсынсты қосыңыз. Энергоаудитке ілігетін кәсіпорындар шартты түрде 1500 тонна отын пайдаланатындар. 2000-дай кәсіпорын 3 жылда энергоаудиттен өтуге міндетті. Біз қазір 2013 жылы энергоаудитті өздерінде жүргізетін 200 ірі кәсіпорынды дайындап жатырмыз. Соның нәтижесінде олардың энергосыйымдылықты азайтуға бағытталған шаралар жоспары болады.

Ал энергоаудитті кім жүргізеді дегенге келсек, ол үшін мамандандырылған аудиторлар дайындайын орталықтар құру жоспарлануда. Мемлеке өз нарығын қорғап,  энергоаудит жүргізетіндер тек Қазақстанда аккредиттелген компаниялар ғана болмақшы. Сондықтан тек біздегі компаниялар аккредиттелініп, ал олар шетелдік серіктестерін тарта алады. Ынтымақтастықтың алғашқы жылы үйреніп, кейін өздері жүргізе береді.

 

- Ірі энергия тұтынушылардан басқа тағы кімдер энергоаудитке ілігеді?

 

- Елімізде мемлекеттік энергетикалық тізілім жасалып, оған барлық ірі энергия тұтынушы кәсіпорындар мен бюджеттік мекемелер – барлық мектептер, ауруханалар енеді. Олар энергоаудит өтуге міндетті емес, бірақ оларды энергия үнемдеуге бағытталған барлық шараларды орындауға міндеттейді.

Одан басқа, мемлекеттік мекемелерден басқа энергия тұтынатын барлық кәсіпорындар энергияменджментінің стандарттарын енгізуі тиіс.

Егер энергия үнемдеу шараларын мемлекеттік тізілімге енгізген барлық кәсіпорындар орындап отырса, онда келешекте жыл сайын 12 млрд кВт/сағ энергия үнемдеуге болады. Ақшалай айтсақ, ол жылына Т200 млрд болады.

 

- Энергия үнемдеу, энергоаудит саласында кадрларды дайындау қалай шешілуде?

 

- Кадарлармен шынын айтсақ, проблема. Біз жыл бойы әртүрлі семинарлар жүргіздік, 500-дей адам әр түрлі курстардан өтті. Ал кадрларды кәсіби дайындау келесі, 2013 жылы басталады. Бірнеше айдың ішінде оқу орталықтарын құрып, ҚР білім және ғылым министрлігімен бірлесіп оқыту жоспары бекітіледі.

Оған қоса біз кешенді жоспарға барлық жергілікті органдар маман-энергоменеджменті болатындай тармақты қостық. ЖОО-ларда «энергоменеджмент» мамандықтары енгізілуде. Мысалы, Астанадағы агроуниверситет биылдың өзінде 27 адамды энергоаудит мамандығына оқытуға алды. Ақтөбе университеті де бізге осындай мамандықты дайындағысы келетіндігін білдірді. Бұл алғаш рет өткізіліп отырған шаралар.

 

- Сіз Қазақстанды қашан энерготиімді ел болады деп ойлайсыз?

 

- Ел үішн энерготиімді ел болу міндеті - өте маңызды міндет. Мен қандай да бір жылға тиімді ел болып шыға келеміз деп айта алмаймын. Тіпті Германия мен Жапония да белгілі бір деңгейге бара жатыр. Біз ертең-бүрсігүні Германия сынды ел бола алмаймыз, себебі ол ел энергияны көп тұтынатын зауыттарын Шығыс Еуропаға шығарды. Егер бізде қазір энергияны көп тұтынатын 3-4 ірі зауыттарымыз болмаса, біз энергиялық тиімді ел болып шыға келер едік...

Ашығын айтқанда, энергия үнемдеу тұрғысынан ол елдер жеткен шыңға біздің буын жете қоймас. Бірақ біз ол жұмысты жүргізуіміз керек.

Тіпті 2020 жылға қарай елбасы қойған міндеттерге қол жеткізсек бәрібір елді энергия тиімді ел дей алмаспыз. Бір түйткіл бар – біздегі мұраға қалған кәсіпорындар энергияны тым көп жейді. Оны жетілдіру керек.

 

- Сұхбатыңызға рахмет.


adimage