«Қазақмыс» 9 айда мыс өндірісін 0,9%-ға төмендетті

Күні: 14:58, 30-10-2014.

Алматы. 30 қазан. ҚазТАГ – «Қазақмыс» тобы қаңтар-ақпанда 213,1 мың тонна мыс өндірді, ол 2013 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 0,9% кем, деп көрсетілген компания хабарында.
  
«Қазақмыс» тобы тоғыз айдың қорытындысы бойынша 213,1 мың тонна катодты теңгерімдегі мыс өндірді. Жыл соңына қарай өндіріс көлемі жоспарлы 285-295 мың тонна ауқымында болады деп болжанып отыр. Есепті кезеңде 27,7 млн тонна кен өндірілді», - делінген бейсенбіде таратылған хабарда.

Еске салсақ, 2013 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша «Қазақмыс» 215 мың тонна катодты теңгерімдегі мыс өндірді.

«Қазақмыс» тобы  16 кеніші, 7 тау-кен фабрикаcы және 2 мыс балқытушы  өндірістік кешені бар ірі мыс өндіруші, қазір олардың бірінде қайта құру жұмыстары жүргізілуде.

Kazakhmys Plс акционерлері болып табылады: Cuprum Holding Limited - 29,66%, Harper Finance Limited - 6,48%, Lafonda Limited Lafonda Limited - 5,07%.


Жаңалықтармен бөлісу: