Жезқазған. 20 наурыз. ҚазТАГ – «Қазақмыс» корпорациясы 12 кеніш пен төрт фабриканың жұмысын уақытша тоқтатты, деп хабарлады ҚазТАГ.
«Қазақмыс қауіпсіздік шараларына кешенді тексеру жүргізу үшін өндірістік нысандарындағы жұмыстарды кезең-кезеңімен уақытша тоқтатады. Өнеркәсіптік қауіпсіздік және еңбек қауіпсіздігін күшейту үшін компания басшылығы бүгіннен бастап бекітілген кестелерге сәйкес жоғары қауіп деңгейі бар барлық технологиялық үдерістерді тоқтату туралы шешім қабылдады», - деп хабарлады бейсенбі күні «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС ресми өкілі Арман Тлеукенов.
Компания жұмыстарды уақытша тоқтатудың келесідей кестесін ұсынды:
- 20 наурыздан бастап – Шығыс-Жезқазған, Абыз, Саяқ, Қоңырат кеніштері; Нұрқазған, Қарағайлы, Балхаш кен байыту фабрикалары; жөндеу-механикалық мамандандырылған басқармасы, құрылыс-монтаж басқармасы, құю және механикалық зауыты және энерго-жөндеу мамандандырылған басқармасы;
- 21 наурыздан бастап – Оңтүстік-Жезқазған, Ақбастау, Хаджиконган, Шатыркөл, Жайсан кеніштері;
- 22 наурыздан бастап – Батыс-Жезқазған кеніші;
- 23 наурыздан бастап – Жыланды кеніші;
- 24 наурыздан бастап – Жезқазған кен байыту фабрикасы;
- бұған дейін тоқтатылған Жомарт кенішінде тексеру жалғасуда.
«Кен орындары тоқтаған кезеңде барлық жұмыс түрлеріне қауіпсіздік ережелерінің талаптарына сәйкестігін анықтау үшін жан-жақты тексеру жүргізіледі. Барлық бұзушылықтар жойылғаннан кейін ғана осы учаскелерде жұмыстар қайта қалпына келтіріледі», - деп мәлім етті Тлеукенов.
Компания мәлімдегендей, «кеніштердің жұмыстары тоқтатылған кезеңде жұмысшылар толық көлемде жалақы алатын болады».
19 наурызда «Қазақмыста» тағы бір жұмысшының қаза тапқаныф белгілі болды, содан кейін компанияның кен өндіру жұмыстарын ішінара тоқтатып жатқаны белгілі болды.
Еске салсақ, 17 ақпанда Ұлытау облысында «Қазақмыс» кенішіндегі тау жынысының опырылуы салдарынан жұмысшылармен байланыс жоғалған еді. Кейін Ұлытау облысы «Қазақмыс» кенішінде тау жынысының опырылуына байланысты «жедел желі» телефонының жұмысы ұйымдастырылды. 18 ақпанда Ұлытау облысында «Қазақмыс» кенішінде жеті жұмысшының денесі табылды. «Қазақмыс» ЖШС-де тау жынысының опырылу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
"Қазақмыс" мәлімдегендей, қайғылы оқиғаның себебі табиғи газдың жарылуы болуы мүмкін. Бұл ретте, корпорация тау жынысының опырылуы туралы нұсқаны жоққа шығарды. ТЖ орнын үкіметтік комиссия мен ТЖМ басшысы да қарады. 19 ақпанда премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев "Қазақмыс" корпорациясы" ЖШС кенішіндегі қайғылы оқиғаның себебін 10 күн ішінде айтатындарын жеткізді.
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев кеншілердің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты, 20 ақпанда қайғылы жағдайға байланысты өнеркәсіптік қауіпсіздікті сынға алды.
21 ақпанда премьер-министр Олжас Бектенов Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Қазақмыс" корпорациясының шахтасындағы қайғылы оқиғаға байланысты сынынан кейін бірқатар тапсырмалар берді. 5 наурызда комиссия апаттың негізгі себебін анықтады - тау-кен өндірісінен метан жиналған және бөлінген, кейін электр жабдығының ұшқынынан жарылыс орын алған.
Бүгін Ұлытау облысында Жезқазған қаласындағы "Қазақмыс" зауытында пештердің тоқтап қалуы мүмкін деген алаңдаушылық болды. Жұмысшылар мен қоғам белсенділері 2013 жылғы жағдай қайталанама деп қорқатындарын айтты. Ол кезде кәсіпорынды қайта құру қажеттілігімен түсіндіріп, зауыттың жұмысын уақытша тоқтатқан екен. Осыған байланысты ҚазТАГ "Қазақмыс" пен Үкіметтің баспасөз қызметіне сауал жолдады.
Жезқазған мыс балқыту зауыты - 2 мыңға жуық адам еңбек ететін Жезқазған қаласындағы қала құраушы кәсіпорын.
Айта кетейік, «Қазақмыс» корпорациясының иелері олигархтар Владимир Ким мен Эдуард Огай, бұл ретте Ким Қазақстандағы ең бай адамдар бестігіне кіреді.
«Қазақмыс» корпорациясы 12 кеніш пен төрт фабриканың жұмысын уақытша тоқтатты
