Жезқазған. 19 наурыз. ҚазТАГ – «Қазақмыста» тағы бір жұмысшы қаза тапты, деп хабарлады «ҚазТАГ.
«Қазақмыс» компаниялар Тобы 2025 жылдың 19 наурызында Ұлытау облысында орналасқан Шығыс-Жезқазған кенішінде жазатайым оқиға орын алғаны туралы қайғыра хабарлайды. №57 шахтада тауарлық-материалдық құндылықтарды түсіру кезінде 1994 жылғы жұмысшы жүк оқпаны алаңындағы саңылауға құлап кеткен. Алған жарақаттарының салдарынан жұмысшы оқиға орнында көз жұмды. Оқиғаның мән-жайы мен себебі анықталуда, жазатайым оқиғаны тергеу бойынша арнайы комиссия құрылды», - деп хабарлады сәрсенбі күні «Қазақмыс» баспасөз қызметінен.
Еске салсақ, 17 ақпанда Ұлытау облысында «Қазақмыс» кенішіндегі тау жынысының опырылуы салдарынан жұмысшылармен байланыс жоғалған еді. Кейін Ұлытау облысы «Қазақмыс» кенішінде тау жынысының опырылуына байланысты «жедел желі» телефонының жұмысы ұйымдастырылды. 18 ақпанда Ұлытау облысында «Қазақмыс» кенішінде жеті жұмысшының денесі табылды. «Қазақмыс» ЖШС-де тау жынысының опырылу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
"Қазақмыс" мәлімдегендей, қайғылы оқиғаның себебі табиғи газдың жарылуы болуы мүмкін. Бұл ретте, корпорация тау жынысының опырылуы туралы нұсқаны жоққа шығарды. ТЖ орнын үкіметтік комиссия мен ТЖМ басшысы да қарады. 19 ақпанда премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев "Қазақмыс" корпорациясы" ЖШС кенішіндегі қайғылы оқиғаның себебін 10 күн ішінде айтатындарын жеткізді.
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев кеншілердің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты, 20 ақпанда қайғылы жағдайға байланысты өнеркәсіптік қауіпсіздікті сынға алды.
21 ақпанда премьер-министр Олжас Бектенов Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Қазақмыс" корпорациясының шахтасындағы қайғылы оқиғаға байланысты сынынан кейін бірқатар тапсырмалар берді. 5 наурызда комиссия апаттың негізгі себебін анықтады - тау-кен өндірісінен метан жиналған және бөлінген, кейін электр жабдығының ұшқынынан жарылыс орын алған.
Бүгін Ұлытау облысында Жезқазған қаласындағы "Қазақмыс" зауытында пештердің тоқтап қалуы мүмкін деген алаңдаушылық болды. Жұмысшылар мен қоғам белсенділері 2013 жылғы жағдай қайталанама деп қорқатындарын айтты. Ол кезде кәсіпорынды қайта құру қажеттілігімен түсіндіріп, зауыттың жұмысын уақытша тоқтатқан екен. Осыған байланысты ҚазТАГ "Қазақмыс" пен Үкіметтің баспасөз қызметіне сауал жолдады.
Жезқазған мыс балқыту зауыты - 2 мыңға жуық адам еңбек ететін Жезқазған қаласындағы қала құраушы кәсіпорын.
«Қазақмыста» тағы бір жұмысшы қаза тапты
