«Қазақша ұрлау» криминальдық комедиясы үлкен экранға шығады

Күні: 15:33, 24-10-2014.

Алматы. 24 қазан. ҚазТАГ - «Қазақша ұрлау» қылмыстық комедиясы үлкен экранға шығады, деп хабарлады сарапшылармен бірге фильмнің көрсетілімінде болған ҚазТАГ тілшісі.  
«Жас режиссер Қайыржан Орынбековтың фильмінің пермьерасы Алматыдағы кинотеатрлардың бірінде 3 қарашада көрсетіледі. Бұл біздің алғашқы тәжірибеміз. Бұған дейін біз өзімізді клиптердің түсірілімінде сынап көргенбіз, онымыз сәтті шықты.  Сосын  өзімізді толық форматты фильм түсіруде сынағымыз келді. Маған шамалы уақытқа инвестициялық қызметімді тастауға тура келді, бірақ оған өкінбеймін. Фильмнің бюджеті - шамамен  $2 млн. Онымыз ақталады деп үміттенеміз, ең бастысы қазақстандық көрермендердің, әсіресе жастардың ойы»,- деді фильмнің бас продюсері   Әлидар Өтемұратов.
«Сөз жоқ, маған фильм ұнады. Кинода өткір сюжет, драматургия және кездейсоқ аяқталу бар.  Киноны түсірушілердің түсірілім орнын таңдауда, декорация дайындауда, актерлер ұжымын таңдауда  дайындық жұмыстарын жүргізгендері көрініп тұр.  Соңғы кездері мен қазақстандық кинематография мен телевидениенің дамуын мұқият қадағалап жүрмін. Сондықтан жаңа дүниенің жарыққа шығуы ерекше оқиға болуы керек. Жолы болсын! » - деді талқылау барысында Еуразиялық телеакадемия президенті  Валерий Рузин.
«Жаңа картина прокатқа шығады. Әрине, оны голливуд өнімдеріне көздері үйренген көрермендердің қалай қабылдайтыны маңызды. Және мен үшін жас жігіттердің киносының біздің ақшамызға және қазақстандық орындаушылардың қатысуымен жүзеге асырылғаны маңызды. Бүгін ол туындыны тағы бір мәрте қарадым. Әдетте, егер кино ұнамаса, екінші рет бармаймын. Сондықтан оны жасаушыларға киноны басқа елдерде көрсетуге кеңес берер едім.  Әңгіме  Қазақстанның беделін кинематограф арқылы таныта білу туралы», - деді кезінде Республиканың мәдениет министрлігін басқарған   Есетжан Қосубаев.
«Қазақша ұрлау» фильмінің сюжеті -   қытай триадасынан 10 млн еуро ұрлаған төрт дос жайында. Кино кейіпкері қазақстандық банктердің бірінде жұмыс жасайды, ол күтпеген жерден достарымен бірге банк тонауға оқталған деген күдік бойынша жемқор полицейлердің қолына түседі. Кинода белгілі актерлер  Ерік Жолжақсынов пен Байкенже Белбаев, жас таланттар - Жандос Айбасов пен Аружан Жазылбекова ойнайды.


Жаңалықтармен бөлісу: