«Қазақстан кәсіподақ федерациясынан» президенттікке үміткер ОСК-ге құжаттарын тапсырды

Астана. 25 сәуір. ҚазТАГ – «Қазақстан кәсіподақ федерациясынан» президенттікке үміткер Амангелді Таспихов Орталық сайлау комиссиясына құжаттарын тапсырды, деп хабарлады ҚР ОСК баспасөз қызметінен.
«2019 жылғы 25 сәуірде Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясына «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 55-бабына сәйкес «Қазақстан Республикасының кәсіподақтар федерациясы» Республикалық кәсіподақтар бірлестігі Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат ретінде Амангелді Сатыбалдыұлы Таспиховтың мынадай құжаттарын ұсынды: «Қазақстан Республикасы кәсіподақтар федерациясы» Республикалық кәсіподақтар бірлестігі жоғары органының Қазақстан Республикасының Президенттікке кандидат ұсыну жөніндегі отырысының хаттамасынан үзінді; Амангелді Сатыбалдыұлы Таспиховтың Қазақстан Республикасының Президенттiгіне кандидат болып дауысқа түсуге келiсiм бергені туралы өтiнiші; өмірбаяндық деректері; Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының шотына сайлау жарнасын енгiзгенiн куәландыратын құжат; Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі; жоғарғы оқу орнындағы білімі туралы дипломдарының көшірмелері; мемлекеттік қызметте жұмыс тәжірибесінің бар екенін растайтын құжаттар», -делінген ейсенбіде таратылған хабарда.
Хабарда атап өтілгендей, мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін тексеретін лингвистикалық комиссия отырысы 26 сәуірде өтеді.
Бұған дейін хабарланғандай, 24 сәуір күні Қазақстан кәсіподақ федерациясы бас кеңестің отырысында Амангелді Таспиховты 9 маусымда өтетін президент сайлауына үміткер ретінде ұсынуға дауыс берген еді. .
Еске салсақ, 19 наурызда Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев мемлекет басшысы лауазымындағы өз өкілеттігін 2019 жылдың 20 наурызынан бастап тоқтататыны туралы жарлыққа қол қойған еді. Келесі президент сайлауына дейін елді уақытша сенаттың экс-спикері Тоқаев басқарады.
9 сәуірде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа үндеу жариялады, ол үндеуде 2019 жылдың 9 маусымында кезектен тыс президент сайлауы өтетін мәлімдеді. Мемлекет басшысының тиісті жарлығына қол да қойылды.
ҚР президенті лауазымына үміткерлерді ұсыну 28 сәуірге дейін жалғасады.
.

adimage