«Қазақстан халық банкі» АҚ басқарма төрағасы Үміт Шаяхметова: «БІЗ ҮШІН ЖАҢА ҮКІМЕТ ҚҰРАМЫНДА КӘСІБИ ДЕҢГЕЙІ ЖОҒАРЫ, ПАТРИОТТЫҚ СЕЗІМІ БАР АДАМДАРДЫҢ БОЛҒАНЫ ӨТЕ ҚАЖЕТ»

 

Жақында біз Халық банктің топ-менеджментінің және бірқатар БАҚ жетекшілерінің бейресми кездесуінде болудың сәті түсті. Онда  банк секторының және Халық банкінің өзінің даму перспективасы талқыланды. Бір қызығы, басқарма төрағасы Үміт Шаяхметова мен журналистердің арасындағы әңгіме мейлінше ашық болды. Біз сол бүкпесіз өткен әңгіменің мән-жайын жариялауды жөн көрдік.

                        

- Мәсімовтың үкіметінің орнына келетін үкіметтің қандай қасиеті болуы керек?

 

- Біз үшін бұл өте маңызды. Қазіргі үкімет пен банк секторының арасында өте тиімді және жемісті жұмыс қалыптасты. Мемлекет банк капиталына кірген кезде де, және біз мемлекеттік бағдарламаларды іске асыра бастағанда да сондай болды.  

Мысалы, банктер үкіметпен бірге мемлекеттік-жеке меншік серіктестік бағдарламасы аясында көптеген бірлескен жобаны іске асырып және оны қазір де жалғастырып жатыр. Бұл ынтымақтастық қарапайы процедуралардан бастау алады: біз – банктер – алдымен жобаны мақұлдаймыз, одан соң оны әр түрлі деңгейде – мемлекеттік комиссияда, премьерде -  мақұлдау мен үйлестіру үдерісі жүреді. Біз онда жобаларды субсидия алу үшін қорғаймыз. Бұл ынтымақтастық кейін де, бөлінген қаражаттың игерілуін қаржы полициясы мен прокуратура тексерген кезде де т.б. жалғаса береді. Уақыт көрсеткендей, ақшаның алғашқы игерілуі тез әрі ашық өтті. Ақшалар нақты секторларға дейін жетті, оны тексеру нәтижелері де көрсетті.

Бізге, банкирлерге, тек банк секторындағы ғана  жағдайды емес, нақты сектордағы да жағдайды нақты бағалап отырған маңызды, себебі ол секторлар өзара тығыз байланысқан, олар біздің клиенттеріміз – жеке және заңды тұлғалар. Сондықтан біз үшін тізгінді қолына ұстағандар (мемлекеттік шешім қабылдайтындар, үкіметтегілер), банк секторы мен экономикада болып жатқан нәрсенің мәнісін түсінетін адамдар болғаны өте маңызды. Бүгіндері сектор алдында қандай проблемалар тұрғанын түсінгені қажет.

Біз үшін жаңа үкімет құрамында қаржылық-экономикалық үдерістер туралы түсінігі бар, кәсіби білікті, «елі үшін жанын беретін» дегендей, патриоттық сезімі бар адамдардың болғаны өте маңызды.

Егер адам патриот болса, ол әр кез көптеген мәселелерді түсінуге мүмкіндік табады емес па? Сөзсіз, адами да, кәсіби де қасиеттері маңызды. Маған кейде «ел үшін, халқымыз үшін жан ашу» жетіспей жататындай.

Мен бұрынғы үкімет өзінің жұмысын жалғастырғаны дұрыс деп ойлаймын, себебі сол үкіметтің тұсында көптеген үкіметтік бағдарламалар басталып және іске асырылған болатын. Мысалы, 2009-шы жылы іске қосылған «Бизнестің жол картасы – 2020».

 

- Бүгіндері банк секторы қандай проблемаларға соқтығысуда?

 

- Әзірге қазақстандық банк секторының әлсіз тұсы проблемалық кредиттер, активтер сапасы, қарыздардың мерзімінің NPL деп аталатын ұзартылу деңгейі. Активтер сапасы бүгіндері рейтингтік агенттіктер мен сыртқы инвесторлар ерекше назар аударатын көрсеткіш.

Келесі мәселе – несие портфелінің өсуі. Шынымен де бүгіндері бізде банк секторында артық өтімділік сақталуда, бірақ жалпы алғанда банк секторындағы несиелендіру өспей отыр.

Сонымен бірге мен өтімділік – ол жақсы проблема деп есептеймін. Ол жоқ болса жағдай бұдан да нашар болар еді. 2008-ші жылдың ортасынан 2009-шы жылдың ортасына дейін банктердің көбісі өтімділік тапшылығын сезінген кезде сондай болған. Естеріңізге алсаңыздар, ол кезде жағдай күрделі болатын.

Біз – Халық банкі – артық өтімділік проблемасын табыспен шешіп келеміз. Біз оны депозиттердің ставкасын төмендету арқылы арзандатамыз. 

 

- Банк секторындағы өтімділіктің артықтығына қарамай, Қазақстандағы  несиелендіру деңгейі айтарлықтай дамымаған. Бұл проблеманың негізгі себебі неде?

 

- Қазақстан экономикасы шағын және бір нәрсе өндіріп, оны сатып, несие алып, оны қайтара алатын компаниялар саны шектеулі. Бүгіндері банктер несиелендіргісі келеді. Бұл - біз үшін жұмысымыздың негізі әрі бұл - біз үшін ақша табу көзі үшін болса да. Біздің негізгі кірісіміз – пайыздық кірістер. Сондықтан несиелендіру азайған кезде, банк кірістері де төмендей береді.

Қазір белгілі дәрежеде корпоративтік секторда айтарлықтай өсу байқалғанымен дағдарыстан ШОБ секторы өте үлкен зардап шекті. Ол әлі есін жиа алмай келеді.

Ондағы негізгі проблема қандай? Біріншіден, бізде жақсы (сапалы) қарызгерлердің саны айтарлықтай жеткілікті емес. Бүгіндері қарызгерлердің көбі қарыздарға белшесінен батқан, олардың көбіне әзірге ағымдағы қарыздарымен есептесу қиын болып жатыр.

Және біздерге, банкирлерге, кейде толыққанды неиселік талдама жасау өте қиын: себебі баға келешекте өзін қалай көрсететіні, айталық жылжымайтын мүлік секторындағы сұраныс қаншалықты сақталатыны, қарқынды болатыны белгісіз.

Бөлшек несиелендіру секторында да солай. Бізде жалақыға тәуелді жобалардағы тұтыну заемдары өсуде. 

Ипотека нарығында заемдар саны біртіндеп өсуде. Бұл жерде біз бір ипотекаға қарыздың сомасы айтарлықтай төмендегенімен дағдарысқа дейінгі деңгейге жетіп қалдық. Ең алдымен жылжымайтын мүлік бағасының арзандауына байланысты, және біз кепілдік бағаны да қатайттық. Біз қазір клиенттің қаржылық қабілеті мен оның кіріс деңгейіне ерекше назар аударамыз.

Одан басқа, біз кепілзаттық жабуды қатайттық. Егер бұрындары заемның кепілге қатынасы 85% болса, бүгін ол 75%.

Мұнда басталып кеткен керидиттік жарыс та өз рөлін атқарады. Бұл ретте негізгі ставка қайта қаржыландыруға қойылып отыр. Пайыздық ставкалар бойынша белсенді түрде демпинг жүріп жатыр, бір банктен клиенттерді екінші банкке тартып алу, әсіресе ресейлік банктер тарапынан...

 

- Қазір Халық банкі басқа нарыққа шығуға қаншалықты дайын?

 

- Біз бұл мәселеде әр кез консервативті болып, негізінен клиентке көңіл бөлгенбіз. Грузияда нарыққа «ҚазТрансГаз» және басқа де жеке компаниялар кірген кезде сондай болған. Сол кезде біз Грузия бағытын перспективті деп, сол бағытқа шықтық. Біздің жақын көршілеріміз әрі серіктестік және экономикалық байланыстарымыз дамыған Қырғызстан мен Ресей нарығы да біз үшін перспективті деп бағаланды. Біз ол нарықты жақсы түсінеміз, білеміз.

Бүгіндері Ресейде Қазақстандық банктер үлкен бәсекелестік құра алмайды. Ресейде, тиісінше Ресейлік банктердің рейтингтері жоғары, қазақстандық банктерге ресей нарығында бәсекелесу өте күрделі. Дегенмен біз үшін бұл нарық стратегиялық тұрғыдан маңызды және перспективалы. Сондықтан біз ресейлік бағытты дамытпақшымыз. Дәстүрлі түрде бұл үдеріс біртіндеп, салмақпен, екі ел арасындағы жобалары бар клиенттерге бағытталып дамитын болады.  

 

- Кепілдер Қазақстан экономикасына белсенді жұмыс істеуі үшін Сіз не істеу керек деп ойлайсыз?

 

- Біріншіден – банк баланстарын тазалау керек. Осыдан кейін экономиканың өсуі мен несиелендірудің өсуі болады. Бұл мәселе күрделі мәселе. Мәселе қандай активтерді стресстік активтер қорына қандай бағамен беруде ғой, және бұл ретте қандай дисконт қолданылатындығында. Бұл экономикалық мәселе.

 Бұған қосымша көптеген техникалық мәселелер туындайды. Салық заңнамасын қайта қарау керек, себебі бұл активтерді банк балансынан басқаға бергенде салық салу мәселесі туындайды: бір нысанның өзіне басқаға өткенде салынатын салық төрт есеге артуы мүмкін.

Сондықтан бұл бағытта қазір сарапшылар жұмыс істеуде, әр түрлі ұсыныстар ұсынылуда, бірақ үдеріс баяу жүріп жатыр.

 

- Шетелдік банктермен бәсекелестік қалай жүрмекші, айталық, Ресейлік банктермен?

 

- Бірден айтқым келетіні – мемлекеттік банктермен коммерциялық банктердің aрасында белгілі бір айырмашылық бар. Ресейлік коммерциялық банктер бұрыннан қазақстандық нарықта бар. Мысалы, «Альфа-Банк». Ол коммерциялық негізде жұмыс істейді, оның белгілі дәрежедегі қорлануы бар, оны ешкім де субсидиялап отырған жоқ.

Ал мемлекеттік банк – басқаша. Ол мемлекетпен субсидияланып және оның арзан мемлекеттік қорлануы бар. Сондықтан ол несиелерді 10 жылдға 8%-бен ұсынып, демпингке бара алады. Бұл ретте ол соманың 4% банктің персонал мен дамуға т.б. кететін таза маржасы екендігін ескеру керек. Яғни жоғарыда айтылған шартпен жұмыс істей отырып, мұндай банк өзіне шығынмен жұмыс істейді. Бірақ мемлекеттік банк оған бара алады, себебі оның артында мемлекет тұр.

Мен әр кез банк секторы – экономикалық сектор екендігін айтып отырамын. Мұнда әр кез ашық әрі адал бәсекелестік болуы тиіс.

Қазақстандық банктердің мемлекеттік бағдарламаларға қатысуы басқаша әңгіме. Бұл қаражат банктер арқылы экономикаға бөлініп беріледі, ал банктер өздерінің маржаларын табады да, ал мемлекет өзінің экономикалық, саяси және әлеуметтік міндеттерін шешеді. Барлығы да бұл, ел экономикасының дағдарыстан шыққанша қолданылатын уақытша шара екендігін түсінеді. Мұны естен шығармау қажет.

 - Банк қызметін кеңейту үшін депозиттерді тарту арқылы қорландыру қаншалықты дәрежеде жеткілікті база бола алады?

- Мерзімі қысқа қаражатпен қорландыру өзін ақтамайды. Банк секторында өтімділік мейлінше жеткілікті бірақ ол негізінен қысқа – ол ағымдағы шоттар мен қысқа мерзімдік депозиттер. Сондықтан Халық банк биылғы жылдың басында еурооблигациялар нарығына шығып, 10 жылға қарыз алды. Бұл ретте біздің негізгі мақсатымыз, міндеттерімізді, пассивтерді ұзарту болды.

 - Сіздіңше, экономканың дамуын тағы қандай проблемалар тежеп отыр?


- Ол, ең алдымен, экономиканың нақты секторындағы компанияның сапасы, ол - тұтыну сұранысының өсуі, сондай-ақ, өкінішке қарай, жемқорлық. Кейде біз клиенттерден, әсіресе аймақтардан, олардың қосымша шығындарға баруға мәжбүрлігі – анықтама, рұқсат алуға, инфрақұрылымдарға қосылуға кетіп, кейде өзіндік құнының 20%-на дейін баратын шығын туралы шағым естиміз.

- Сіз қазір Халық банк жұмыс істеп жатқан бәсекелестік ортаны қалай бағалайсыз?

 - Қазақстандық банктер ел тәуелсіздік алғалы бері бәсекелестік ортада жұмыс атқаруда. 2006-шы жылы біз нарықта төртінші орында болғанбыз. Халық банктен екі есе үлкен екі банк болған. Бүгіндері біз бен, активтері жағынан көшбасындағы Қазкоммерцбанк арасындағы айырмашылық айтарлықтай төмендеп, 2,5 млрд доллар құрады. Яғни біз төртінші де, үшінші де болдық. Бірақ біз әр кез өзіміздің жеке клиенттік базамыз болды.

Біздің өзіміздің күшті жақтарымыз болды: ол бөлшек сауда, ол біздің филиалдық желілеріміз, біздің жалақылық жобаларымыз, карточкалы бизнесіміз. Оған қосымша корпоративтік сектордағы клиенттік базамыз болды. 

Бүгіндері біз бәсекелестіктен қорықпаймыз, себебі агрессивтік саясаты бар кез келген банкке біздің позициямызға жету үшін көп уақыт, кем дегенде үш жылдай керек. Бірақ біз де қол қусырып отырған жоқпыз, біз ол мәселені зерттеп отырмыз. Біз жаңа өнімдер мен технологияларды, сату арналарын зерттеп отырмыз.

Менің жеке көзқарасым – бәсекелестік – банк қызметін тұтынушылар, клиенттер үшін әр кез жақсы. Ол біздерді, банктерді, жұмыла түсуге, дамуға ұмтылдырады, бірақ ол нарық шартымен жүргені дұрыс. Және қазақстандық банктердің бәсекелестікке қабылетін жоғалтпауы өте маңызды.  


adimage