«Қазақстан Халық банкі» «Кселл»-ге 10 млрд теңге заем ұсынды

Алматы. 14 мамыр. ҚазТАГ – «Кселл» АҚ «Қазақстанның халықтық жинақтаушы банкі» АҚ-мен 10 млрд теңге көлемінде банктік заем туралы шарт жасасты, деп хабарлады KASE сайтынан.
«Кселл» АҚ … өз акционерлері мен инвесторларын 2019 жылдың 8 мамырында 2013 жылғы 24 қыркүйектегі «Кселл» АҚ мен «Қазқстан Халық банкі» АҚ арасында жедел несие желісі туралы бекітілген келісім аясында 10 миллиард теңге көлемінде банктік заем шартын жасағаны жөнінде хабардар етеді. Заемды алу мерзімі – 2019 жылдың 13 мамыры, заем мерзімі – 2022 жылдың 12 мамырына дейін, сыйақы мөлшерлемесі – жылына 11%», - делінген хабарда.
Бұл ретте нақтыланғандай, негізгі қарызды өтеу заем мерзімі біткен күні біржолғы төлем арқылы жүзеге асырылады.

adimage