Астана. 29 қазан. ҚазТАГ – Премьер-министр Асқар Мамин коронавирусты инфекцияның ықтималды жаңа толқынына дайындық шаралары туралы ақпарат ұсынды, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Қазіргі таңда ПТР-тестілеу 134 зертханада жүргізілді, оның ішінде санитарлық-эпидемиологиялық қызмет – 26, жеке – 69, медициналық ұйымдар – 39. Тестілеу қуаты тәулігіне 67 248 зерттеу жүргізеді. 20 бірлік ПТР-ампликаторларды, ДНК және РНК анықтау үшін 20 бірлік автоматандырылған жүйені жеткізу жүзеге аысрылды,. Сегіз мобильді зертханалық кешенді жеткізуге «БРК-Лизинг» АҚ-мен шарт жасау бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Үкімет қорынан 1,2 млн зерттеуге тест жүйесін сатпы алуға Т13,8 млрд бөлінді. Аталмыш шаралар күзгі-қысқы мезгілде зертханалық зерттеулер қуатын тәулігіне 73 мыңға дейін көбейтуге мүмкіндік береді», - деді мәжіліс депутаттары тобының сауалына жауап берген премьер-министр Асқар Мамин.
Кереует-орындарымен қамтуға қатысты ол 10 150 инфекциялық кереуеттердің дайындалғанын, ал кереуеттердің толымдығы 22% (2267 кереует), оның 1148 –і жан-сақтау бөлімдерінің кереуеттері, оның толымдығы – 16% (179 кереует).
(...) Дәрі-дәрмек құралдарымен және медициналық бұйымдармен қамтуға қатысты Мамин инфекциялық сационарлар үшін 91 түрлі дәрі-дәрмек қоры қалыптастырылғанын айтты. (...)
Барлық өңірде, оның айтуынша, сұранысқа ие дәрі-дәрмектерді сатып алу үшін көтерме дистрибьторларға қаржыны қайтару негізінде бөлу үшін Т15 млрд сомаға дәрі-дәрмек құралдарының тұрақты қоры ұйымдастырылған.
(...) Білікті медицина мамандарымен қамтуға қатысты Мамин КВИ-мен күрес бойынша сұранысқа ие медицина мамандарымен қамту 28 мыңды құрайтынын айтты.
(...) Медицина кадрларын қайта даярлау курстарында, билік ақпарынша, 150 эпидемиолог, 100 инфекционист маман, 165 жедел-жәрдем дәрігерлері оқып жатыр.
Қатысты сілтемелер
-
Биыл жазда Алматыда екі саябақ пен жағалау аймағының құрылысын аяқтау жоспарланып отыр28 Наурыз 2024, 11:26