Қазақстан мектептерінде соңғы қоңырау өтті

Күні: 12:47, 03-06-2020.

Астана. 3 маусым. ҚазТАГ – Қазақстан мектептерінде соңғы қоңырау өтті, деп хабарлады агенттік тілшісі.
Коронавирус пандемиясы жағдайына байланысты мектеп түлектеріне аттестаттар мен «Алтын белгі» белгісін тапсыру салтанатты шарасы ашық аспан астында ұйымдастырылды.
Бұған дейін шенеуніктер мәлімдегендей, шаралар санитарлық нормалардың қатаң сақталуымен өткізілген.
Атап өтелік, 1-10 класс оқушылары үшін соңғы қоңырау 25 мамырда онлайн-режимінде өтті.
Қазақстанның білім және ғылым министрлігінің ақпарынша, бүгінгі таңда елімізде 7412 мектеп бар, оларда 3 349 069 бала оқып жатыр. 9 класс түлектерінің саны - 266 897, 11 класс – 144 706 (түлектердің ең көбі Түркістан облысында – 24 мыңнан астам). «Алтын белгі» белгісін 8,5 мыңға жуық оқу үздігі алған.
БҒМ ақпарынша, ұлттық бірыңғай тестілеуге 130 мыңнан астам түлек қатысады, оның 111 017 –сі ағымдағы жылғы мектеп түлектері, 20 мыңға жуығы – былтыр мектеп бітіргендер мен көлледж түлектері.


Жаңалықтармен бөлісу: