Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы әуе рейстерінің жиілігі 1,5 есе артады

Алматы. 13 Ақпан. ҚазТАГ – Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы әуе рейстерінің жиілігі артады, деп хабарлады ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің сайтынан.
«Қазақстан мен Өзбекстанның авиациялық билік органдарының қол жеткізген келісімдері нәтижесінде ек ел арасындағы әуе рейстерінің жиілігі артатын болды. Мәселен, 2019 жылғы көктемгі-жазғы навигацияның басталысымен «Эйр Астана» мен «O‘zbekiston Havo Yo‘llari» әуекомпанияларының әрқайсысы Алматы мен Ташкент бағытындағы рейстерді аптасына 7-ден 10-ға дейін және Астана-Ташкент бағытындағы рейстерді аптасына 4-тен 6-ға дейін көбейтеді», - делінген хабарда.
Осылайша, Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы әуе рейстерінің жалпы саны аптасына 22-ден 32 рейске дейін артты. Ұшулар E190 және A320 типті ұшақтарда орындалады. Әуе рейстерінің көбеюі, екі бауырлас ел арасындағы қарым-қатынасты одан әрі нығайтуға, сондай-ақ Өзбекстандағы Қазақстан жылын табысты өткізуге мүмкіндік береді.

adimage