Астана.28қыркүйек.ҚазТАГ- Валентина Владимирская. Сенаттың жалпы отырысында «Қазақстан Үкіметі мен Өзбекстан Үкіметі арасындағы Қазақстан-Өзбекстан кедендік шекарасы арқылы құбыржол көлігімен және электр беру желілері бойынша энергия ресурстарын өткізу кезіндегі бірлескен кедендік бақылау туралы келісімді ратификациялау туралы» Заңы мақұлданды, деп хабарлайды агенттік тілшісі.
«Қазақстан Үкіметі мен Өзбекстан Үкіметі арасындағы Қазақстан-Өзбекстан кедендік шекарасы арқылы құбыржол көлігімен және электр беру желілері бойынша энергия ресурстарын өткізу кезіндегі бірлескен кедендік бақылау туралы келісімді ратификациялау туралы» Заңы бейсенбі күні Сенаттың жалпы отырысында мақұлданды.
Келісімнің мақсаты – екі елдің кеден шекарасы арқылы құбыр және электр энергиясын беру желілері бойынша өткізілетін энергия ресурстарына бақылаудың тиімділігін арттыру.
Қазақстан сенаты Қазақстан мен Өзбекстан электр беру желілерін өткізу кезіндегі келісімді ратификациялады
